gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

3 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Бұл туралы Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова мәлімдеді.

Бүгінде өңірдегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 14 мектептің 9-ы тамыз айының соңында пайдалануға беріледі.

Ал, 5 мектепте құрылыс жұмыстары мерзімінде аяқталмауына байланысты, оларда алғашқы қоңырау соғылмауы мүмкін.

Атап айтқанда, Төлеби ауданындағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебі, Түлкібас ауданындағы А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебі, Ордабасы ауданындағы Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебі, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы «Қостөбе» мектебі оқушыларды қабылдауға дайын емес.

Сондықтан аталған мектептің оқушылары көрші білім ордаларына тасымалданып оқытылады.

Ал, Сарыағаш ауданындағы №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы №1 жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі жаңа оқу жылында 5-11 сынып оқушыларын қабылдай алмайды.

Себебі, бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы немесе лицензияға қосымшасы берілмеген.

«Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия ала алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады («Білім туралы» ҚРЗ 40-бабы, 2-1 – бөлігі). Департамент тарапынан Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, материалдар Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарының сотына жолданды»,-дейді Жанар Қасымова.

Previous Post

Сайрамда мемлекеттік грант иегерлері кәсібін жандандыруда

Next Post

Еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі Түркістан қаласында орналасқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz