Кентау қаласы білім сапасы бойынша облыста алғашқы орынды иеленіп келеді. Білім саласы бойынша қалада 33 мектепке дейінгі ұйымдар, 25 мектеп бар. Кентау қаласы бойынша 27 мектепте 20055 оқушы білім алса, 33 мектепке дейінгі ұйымдарда 7380 бала тәрбиеленуде, 3 қосымша білім беру мекемелерінде 2434 оқушы бос уақытын тиімді пайдалып, шығармашылықпен айналысады.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша білім саласын жетілдіру мақсатында Кентау қаласында «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы әзірленуде.
Салынатын мектептер жаңа форматта болады.
Замануи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен.
Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделген.
Жоба аясында қаладағы Шұғыла және Қаратау мөлтек аудандарында 1 500 орыннан 2 жаңа мектептің кұрылысы жоспарлануда. Бұл мектептердің құрылысы келесі жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта, мектептердің құрылысына қажеттіжер телімі бөлініп, инфрақұрылым жүйелерін тарту үшін тиісті жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.