gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарнақта ардагер атындағы көшеге тақтайша орнатылды

12 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қарнақта ардагер атындағы көшеге тақтайша орнатылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қарнақ ауылында ардагер Худайберген Сайдмуратов атында көше бар. Бүгін аталған көшеге ардагердің ұрпақтары арнайы тақтайша орнатты. Ұрпақтары ас беріп, рухына құран бағыштады.

Іс-шараға қатысқан  ел ағалары Үмбет Жүсіпбаев, Ергеш Диметов, Базарбай Мұсабеков, Серік Ибадуллаев, Қаблан Елеусізов, Мамыржан Юлдашев, Бекзат Хабибов игі іске ұйытқы болған ардагердің ұлы Толқын  Сайдмуратовқа алғыстарын айтты. Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет көрсету бағытындағы орамды ойларын ортаға салып, ізгі тілектерін білдірді.

Худайберген Сайдмуратов 1906 жылы туылған. Мектепті бітірген соң, Ташкент қаласындағы ұстаздар даярлайтын жоғары оқу орнында білім алды. Елге келген соң, Түркістан қаласы мен Қарнақ, Шорнақ ауылдарында мектеп директоры қызметін атқарды. Түркістан қаласындағы білім бөлімінде абыроймен еңбек етті.

1942 жылы Отан қорғауға аттанып, содан қайтып оралмады. Ел үшін кеудесін оққа тосқан майдангер 1944 жылы Украина жерінде қайтыс болды.

Бүгінде Қарнақ ауылында ардагердің ұрпақтары тұрады. Солардың бірі 85 жастағы ұлы  Толқын әкесінің аты берілген көшеге тақтайша жаздарып, орнатты.

Previous Post

Кентауда мектептердің жылу маусымына дайындық жұмыстары басталды

Next Post

«Жер алып беремін» деп жер соқтырып кетті...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz