gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қайтарымсыз грант алып беремін деп сендірген…

22 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Жер алып беремін» деп жер соқтырып кетті…
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы уақытта қоғамда белең алған алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаменті жанынан «CyberPol» арнайы тергеу-жедел тобы құрылған болатын. Қазір аталмыш топ мүшелері қоғамымызда алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында нақты шараларды қолға алуда. Нәтижесінде айласын іске асырғысы келетіндер қолға түсіп жатыр. Соның бірі ретінде Жетісай ауданында бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқырған азаматшаның бас бостандығынан айырылғанын айтуға болады.

Толығырақ мәлімдей кетейік, қылмыстық құқық бұзушы С.А. 2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында алаяқтық, яғни сенімді теріс пайдалану жолымен алдау арқылы бөтен мүлікке құқықты бірнеше рет иемдену қылмысын жүзеге асыру мақсатында жәбірленушілермен ұялы телефон арқылы сөйлесіп жүріп, олардың атына қайтарымсыз грант ақшасын алып беретінін айтып, сендіріп, әркімнің атына ашылған «KASPI GOLD» есеп шотына ақша қаражаттарын алаяқтық жолмен аудартып, жәбірленушілерге мүліктік залал келтірген.

Сотталушының осы алаяқтық әрекеттері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3),4) тармақтарымен  қылмыстық іс қозғалған.Қылмыстық іс сотта қаралып, істі қарау кезінде сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап, келтірілген мүліктік залалдың мөлшерімен келісіп, азаматтық талаптарды мойындады. Жәбірленушілерден кешірім сұрап, өзінің қылмыстық іс әрекеттерінен келтірілген мүліктік залалды қайтаруға мүмкіндігі жоқ екенін айтып, жүкті және асырауында жас балаларының барын ескеріп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер өздеріне келтірілген мүліктік зияндар қалпына келтірілмегенін айтып, азаматтық талабын толықтай қанағаттандыруды және сотталушыға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды сұрады.

Сотталушы С.А.-ға жаза тағайындау барысында сот оның айыпталып отырған қылмысының ауыр қылмыстар санатына жататындығын, ол қылмысының қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлінің жеке басын және құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайларды ескере отырып, оның қоғамнан оқшауланбастан ақ түзеліп, қайта тәрбиеленіп кетуіне ешқандай мүмкіндігі жоқ деп санап, осы негізде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды негізді деп санап, оған соттың үкімімен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.Үкім заңды күшіне енбеген.

Соңғы уақытта алаяқтық азаматтарға үлкен залал әкелуде. Қылмыскерлер ақша алудың және ұрлаудың жаңа жолдары мен әдістерін ойлап тауып жатыр. Сондықтан, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың мәлімдеуінше, биылғы жылдың алғашқы 5 айында Түркістан облысында  2193 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл көрсеткіштен қылмыстың едәуір төмендегенін байқауға болады. Оның ішінде ауыр қылмыстар 25,4 пайызға, ұрлық 32,2 пайызға, пәтер ұрлығы 33,9 пайызға, бұзақылық 24,7 пайызға, алаяқтық 16,7 пайызға кеміді. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 13,6 пайызға, оның ішінде көшеде жасалған қылмыстар 16,7 пайызға азайды.

Жоғарыда атап өткен «CyberPol» пилоттық жобасы цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресуді, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді. Қазіргі таңда осы бағытта Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алып, анықтауда 6 жедел уәкіл, 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Департамент бастығының тапсырмасымен құрылған топ интернет-алаяқтық қылмысымен айналысқан жалпы 31 тұрғынды ұстап, олардың интернет-алаяқтық қылмысына (56 дерек) қатысы барын дәлелдеген. Бұл қылмыстық істер бойынша жинақталған іс құжаттары сотқа жолданған.

Айтайын дегеніміз, киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері болған интернет-алаяқтық қылмыстарын саралап, жергілікті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі профилактикалық іс-шараларды үнемі ұйымдастыруда.

Previous Post

Түркістанды туристік аймаққа айналдыруға не кедергі?

Next Post

Интернет алаяқтарынан қалай қорғанамыз?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz