gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жер алып беремін» деп алдап кетті

22 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Жер алып беремін» деп алдап кетті
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «12 соттық жер алып, заңдастырып беремін» деп сендіріп, 900 000 теңгеге жуық ақшасын алған. Алайда бір жылдан астам уақыт өтсе де не жерін ала алмаған, не ақшасын қайтармаған.

Аталған фактіні полицейлер ҚК-тің 190 бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті ірі көлемдегі ақшаны өзінің жеке бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жалпы соңғы уақытта қоғамда белең алған алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында Түркістан облыстық полиция департаменті жанынан «CyberPol» арнайы жедел-тергеу тобы құрылған болатын. Қазір аталмыш топ мүшелері қоғамымызда алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында нақты шараларды қолға алуда. Нәтижесінде айласын іске асырғысы келетіндер қолға түсіп жатыр. Соның бірі ретінде жоғарыда тілге тиек еткен жағдайды айтуға болады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың мәлімдеуінше, биылғы жылдың алғашқы 5 айында Түркістан облысында  2193 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіштен қылмыстың едәуір төмендегенін байқауға болады. Оның ішінде ауыр қылмыстар 25,4 пайызға, ұрлық 32,2 пайызға, пәтер ұрлығы 33,9 пайызға, бұзақылық 24,7 пайызға, алаяқтық 16,7 пайызға кеміді. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 13,6 пайызға, оның ішінде көшеде жасалған қылмыстар 16,7 пайызға азайды.

Соңғы уақытта алаяқтық азаматтарға үлкен залал әкелуде. Қылмыскерлер ақша алудың және ұрлаудың жаңа жолдары мен әдістерін ойлап тауып жатыр. Сондықтан, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді.

Previous Post

Интернет алаяқтарынан қалай қорғанамыз?

Next Post

Көлкенттің көшелері жөнделе бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz