gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жақында Жетісайда 7 елді мекен тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізбек

25 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жақында Жетісайда 7 елді мекен тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізбек
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың ІІІ тоқсандағы халықпен кездесуі Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде де өтті.Басқосуда аудан әкімі алдыңғы тоқсанда тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің орындалуымен, атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырды.

Округ тұрғындары көтерген Байдала ауылындағы көшелерді орта жөндеуден өткізу, электр бағаналарды ауыстыру, Сұлубұлақ ауылындағы ауыз су, К-28 каналының ішкі тармақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, К-30-ІІ, К-28-21 каналдарын жөндеу, округ аумағындағы тік дренаждарды қалпына келтіру, ФАП салу, мектеп салу, табиғи газға қосу мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың таныстырып, жыл соңына дейін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сұлубұлақ елді мекеніндегі ұзындығы 4,1 шақырымды құрайтын 6 көше, жергілікті бюджеттен Қызылтаң ауылындағы ұзындығы 940 метрді құрайтын Балдаурен көшесіне орта жөндеу жүргізілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі жақында Жаңа дала ауылын табиғи газға қосып, 300 абоненттің табиғи газға қосылғанын, алдағы уақытта тағы 7 елді мекенге көгілдір отын берілетінін айтты.

Айта кетейік, биылдан бастап өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатырі. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтуде. «Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі», — дейді мамандар.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданған.

Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша  да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады.

– Халықты сапалы ауыз сумен, жарықпен, табиғи газбен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Тұрғындардың негізгі өтініштері де инфрақұрылымға қатысты болып тұр. Бұл саланы әрі қарай дамыта береміз. Облыстың инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Осы бағыттағы жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

2023 жылы газбен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында жалпы құны 60,3 млрд. теңге болатын 100 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 70 нысанның құрылысы аяқталады, қалған 30 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде биыл 56 елді мекеннің 145 мыңға жуық халқы табиғи газ пайдалануға мүмкіндік алады.

Previous Post

Шұбарсуда инженерлік-инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады

Next Post

Қарақия халқы газға қол жеткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz