gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда соғыс ардагеріне пәтер берілді

31 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда соғыс ардагеріне пәтер берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребаевқа Кентау қаласының орталығынан пәтер берілді.
ҚР Конституция күніне орай 98 жастағы соғыс ардагерін қала әкімі Жандос Тасов арнайы құттықтап барып, майдангерге ақ тілегі мен жылы лебізін білдірді. Елімізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған жеңіс жеңімпаздарының ерліктері ешқашанда ұмытылмайды. Отан үшін кеудесін отқа тосқан ардагерлерге құрмет көрсету, жастарға олардың ерлік, елдік істері арқылы тәрбие беру – бүгінгі ұрпақтың төл міндеті екенін атап, ерлігіне алғыс білдірді. Сондай-ақ, жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Майдангер ардагеріміз жас ұрпақтың бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешуін тілеп, «Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі жасай берсін!» деп ақ батасын берді.
Ардагер Бадан Төребаев 1924 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылған. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1950 жылы қараша айында елге оралып, еңбекке араласты.
Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. 16 немересі, 35 шөбере, 1 шөпшек сүйіп, бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешуде.

Previous Post

«Samruk-Kazyna Trust» АҚ қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді

Next Post

Зайырлы елдің Заңы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz