Кентау қалалық орталық кітапхананың конференция залында 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай «Зайырлы елдің Заңы» атты тарихи-танымдық шара өтті. Аталмыш шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен жастары қатысты.
Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 28 жыл. Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Осы аралықта Конституциямызға бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Тәуелсіздіктің төлқұжаты саналған Конституция 1995 жылы демократиялық, зайырлы мемлекеттің заңы болып қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Қатысушылардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Мемлекет өз тәуелсіздігін жариялағалы бері Ата заң төрт рет өзгерді. Сол уақыттан бері Ата заң халық пен мемлекет арасындағы коммуникативтік күшке айналды. Бүінгі таңда Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады.
Аталға шараға қалалық Жастар ресуртық орталығының басшысы Асхат Сұлтан, Кентау қалалық орталақтандырылған кітапхана жүйесі жанынан құрылған «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, ҚР білім беру жүйесінің озаты Бибі Дәрібаева, Кентау қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Мұратша Түнтеков, «Әлемдегі ең ұзын Конституция көшірмесінің» авторы Тұрар Омаров, Кентау қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Бұлбұл Нүсіпжанова сөз сөйлеп өз ойларын ортаға салды.
Тұрар Омаров Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойына арнап 300 метрлік «Конституция» жасап шығарған болатын.
— 2015 жылы Республикалық деңгейде тойланған фотокөрмеге келушілер еңбегімді жақсы бағалады. Жазғы демалыс уақытында көрермендер көп болды. Осындай шара ұйымдастыруға ой қалай келді десеңіз, Алда Конституция күні келе жатыр деп ойладым. Осындай бір шара ұйымдастырамын деп ұйғардым. Сосын ерінбей ғаламторды араладым. Гиннестер кітабына не енгенін, не енбегенін қарап, бақыладым. Барлап қарасам, осы күнге дейін үлкен Конституция жасаған ешкім жоқ екен. Сөйтіп Ата заңның үлкен үлгісін жасап шығардым», − дейді Тұрар Омаров.
Тұрар Омаров Конституцияның нұсқасын Ақорда сайтынан көшіріп алғанын айтады. Одан кейін әділет басқармасының мамандарымен кеңесіп, көрмені өткізу заң аясына сияды ма, жоқ па екенін анықтапты. Содан кейін қазақша және орысша жазылған Ата заңның әрбір бабын жеке-жеке бөліп, өз қаражатымен басып шығарған. Сөйтіп әр бетті біріне-бірін жалғап, 200 метрге жеткізіпті.
— Осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде экономикалық жетістіктермен бірге демократияның негізгі тетіктерін жасақтады. Мысалы, азаматтық қоғам құру процесі соның бір айғағы. Осылай жаңашылдыққа бағыт бағдар алған негіздер тәжірибеміздің толыса бастағаның білдіреді, — деді полиция майоры Бұлбұл Нүсіпжанова.
Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда өз Конституциямызды құрметтеп қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Республикасындағы азаматтың міндеті мен парызы.