Бүгін Кентау қаласында соңғы үлгіде салынған «Grant high school» мектебінің лентасы қиылды.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Жандос Тасов бастаған зиялы қауым өкілдері мен мектеп педагогтары және ата-аналар қатысты.
Мың бұралған бишілердің әсем биімен бастау алған ашылу салтанаты күмбірлеген күймен жалғасты. Қала басшысы мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа білім жылының басталуымен, Ата заңымыздың қабылданған күнімен құттықтап өтті.
2 қабатты ғимаратта орналасқан мектеп сыйымдылығы 250 орынға арналған. Бүгінде, мектепке 10-11 сынып оқитын 220 оқушы қабылданған.
Балалардың білім алуына толық жағдай жасалған жаңа мектепте оқу бөлмелері, компьютер сыныбы, мәжіліс залы, асхана , кітапхана сияқты бөлмелермен қамтамасыз етілген. Жаңа білім ордасында әр оқушының таңдаған бағытына қарай пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сондай-ақ мемлекеттік стандарты толықтай қамтыған оқу ордасында балаға түске дейін белгіленген кесте бойынша сабақ оқытылса, түстен кейін мамандыққа бейімделген білім беру жүйесі бойынша сабақ жүргізіледі.



