Кез-келген елдің халқына кепілдік беретін Конституциясы бар. Қазақ қазақ атанғалы далы заңы үстемдік құрған. «Жеті жарғымыз» әділдікті арқау еткен. Кеңес дәуірінен соң елімізде 1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы кеңес Қазақстан республикасының Конституциясына дауыс берді. Алайда, кеңестік психологияның кейбір элементтерінен арыла алмаған бұл құжат ел талабына жауап бере алмады. Осыдан барып 1995 жылдың сәуірінде Әділет министрі Нағашыбай Шайкенов бастаған арнайы жұмысшы тобы құрылып, жаңа Конституцияның жобасы арнайы құрылған консультативтік кеңеске заңдық баға беру үшін ұсынылды. Ал сол жылы 30 маусымда бүкілхалықтық талқылауға шығарылып, мәтінге 1100 түзету енгізілді.1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум өтіп дауыс берген азаматтардың 89,1%-ы Жаңа Конституцияны қолдады. Алғашқы Тәуелсіз Қазақстанның 1995 жылғы қабылданған Конституциясы мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыруға, кеңестік саясаттан ажырауға бағытталып, президенттік басқару нысанына өтудің заңды құжаты болды. Содан бері Конституциямызға 5 рет түзетулер мен өзгерістер енгізіліпті. Бұл заңдылық. Заман өзгереді, заң өзгереді деген аталы сөздің түйіні, ел жұрт сұранысына жауабы. Оның үстіне біздің мемлекетіміз басқа батыс, шығыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым жас мемлекет.
1998 жылы 19 бапқа өзгеріс енгізіліп, аралас сайлау жүйесі пайда болып, Мәжіліс депутаттарының саны пропорционалды партиялық тізімдер бойынша сайлауда жеңіп шыққан саяси партияларға берілетін 10 мандатқа ұлғайтылды. 2007 жылғы өзгертулер 40 бапқа тиесілі болып.өлім жазасын қолдану шектері шектелді, қамауға алуға және қамауда ұстауға тек соттың санкция беруі белгіленді.
Парламенттің өкілеттігі кеңейтілді, депутаттарының саны ұлғайтылды, оларды сайлау тәртібі мен олардың мандатын тоқтату негіздері жетілдірілді. Премьер-Министрді парламенттік көпшілік дауыспен бекіту туралы норманы және Үкімет басшысын тағайындау кезінде Президенттің партия фракцияларымен консультациялар рәсімін енгізу арқылы Парламент мәртебесі нығайтылды.
Пропорционалды сайлау жүйесіне көшу бекітілді. Президенттік өкілеттік мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқарды.
Конституцияда «Тұңғыш Президент» деген ұғым пайда болып, президенттікке кандидаттар үшін соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрақты тұруы, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз өкілдерін Мәжіліс пен Сенатқа жіберу құқығын алды.
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізудің конституциялық негіздерін белгілеуге бағытталған түзетулер 2011 жылы енгізілді.
Пропорционалды сайлау жүйесіне көшу бекітілді. Президенттік өкілеттік мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқарды.
Сондай-ақ президенттікке кандидаттар үшін соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрақты тұруға қатысты жаңа талап жазылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты өзгеріске келсек, Ассамблеяөз өкілдерін Мәжіліс пен Сенатқа жіберу құқығына ие болды.
2011 жылы Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізудің конституциялық негіздерін белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді.
2017 жылы 25 бапқа өзгеріс енгізіліп, Президенттің жекелеген өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру, Президент Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының Төрағаларымен консультациялардан кейін кез келген мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату құқығына ие болды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тағайындау тәртібі өзгерді. Бұл мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру Президенттің ұсынуы бойынша мәслихаттардың келісімімен жүзеге асырылатын болды.
Астана шегінде қаржы саласында ерекше құқық режимі орнатылды.
2019 жылғы Конституцияға өзгеріс енгізу астана атауының «Астанадан» «Нұр-Сұлтанға» өзгеруіне байланысты болды.
Мемлекет Басшысы Республикалық Референдум туралы заңның 18 бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа 2022 жылы қол қойды. Республикалық референдум туралы заң IV-тараудан,37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар стратегиялық болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет екені түсінікті. Референдум дауыс берудің ең демократиялық түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді, ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Заңның барша жұртқа тиімді қызмет етуінің жаңа дәуірі әділеттік дәуірі басталды.
Референдум арқылы ұсынылған қолданыстағы Конституциямызда ешқандай бір тармақта, не бапта Президенттің өкілеттігіне артықшылық көрсетілмеген, қайта Суперпрезиденттік басқарудан біртіндеп көшіп ықпалды Парламент мәртебесін көтеру және Президенттің өкілеттігі жөнініде әділдік сипат бар, қайта 43 бапқа 2 тармақ қосылды Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партияға мүше бола алмайды. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлардың басшысы бола алмайды деген толықтыру халықтың көңілінен шыққан, билік пен халықтың арасындағы алшақтықты азайтуға жасалған нақты қадам екенін дүйім жұрт түсінеді.
Әділ өзгеріс, бүкіл азаматтық қоғам институттарына бірдей әділ көзқарас. Әділ көзқарас болған жерде тепе-теңдік сақталып, әділдік принциптері жұмыс жасайды. Сонда ғана ел сеніп көшбасшы соңынан халық ереді. Ой қозғай отырып саяси жүйе жаңғырады, заңдар тиімді жұмыс жасай бастағанда ғана алға қойған нәтижеге жетеміз.
Партияларды тіркеу үрдісіндегі тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендетуі көппартиялық мүмкіндікті жоғарылатты, оған дәлел биылғы Мәжілістің көппартиялық құрамы, Мәжіліске 6 партия өкілдерінің енуі. Осының бәрі азаматтық әділ қоғам орнатудағы жасалған теңсіздікті жоюдағы нақты әрекеттер ғана емес, бәсекелестіктің жоғарғы сатысына алып баратын баспалдақтар. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттарда аралас сайлау жүйесін (мажориталық-пропорциональдық 50/50) және бірмандандаттықты енгізу, ал аудандық,қалалық мәслихаттарда толығымен мажоритарлық жүйені енгізу жұртшылықтан қолдау таптқанын ел ішін аралап күнделікті тұрғындармен кездескенде көріп жүрміз. 2021 жылдары облыстық мәслихаты болып сайланған кезімде көптеген партияда жоқ белсенді азаматтардың депутат болғысы келетінін өз құлағыммен естіген болатынмын. Жаңа саяси жүйе осы сұраныстың жауабы болды. Азаматтық қоғам арасында Сайлау жұйесіндегі оң өзгерістер әсіресе партияда мүше емес азаматтар үшін тиімді, бұл тұста барлық азаматтардың құқықтары сақталып әділетті саяси жүйе қалыптасады.
Расында да бұл сайлау процесін жаңғыртудағы жұртшылықтың ойында жүрген, бойын мазалаған ойлар болатын. Сайлау жұйесінде аралас жүйенің ұсынылуы ел арасында үлкен ризашылық тудырды.
Саяси жүйе дұрыс жұмыс жасағанда экономикалық, әлеуметтік даму процестері өз арнасымен жұмыс жасап халықтың әл аухаты жақсаратын болады. Бұрын экономика экономика деп саяси жүйеге аса мән берілмеді деген ойлардың қоғамда болғаны жасырын емес. Барлық реформалар елдің дамуы үшін, халықтың қамы үшін жасалуы тиіс. Ой жақсармай күй жақсармайды. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси жүйе де жаңғыруда, мінберден шындықты ту етіп өзекті мәселелерді көтеретін жаңа белсенді азаматтар легі пайда болды. Бұл д оңды құбылыс Конституцияның тиімділігін көрсетуде.
VII бөлімде Конституциялық сот құрылымы туралы толықтыру бар. Қоғамда сотқа сенімсіз күмәнмен қарау орын алғаны ешкімге жасырын емес. Конституциялық сотқа жүгіну құқына Бас Прокурор және Адам құқығы жөніндегі уәкіл ие болуы. Сондай-ақ, 83 бапта Адам құқығы жөніндегі уәкілдіңмәртебесі конституциялық заңмен айқындалуы қуантады.
Жұртшылықты қызықтырған бір мәселе — Жер мәселесі. Конституцияның 6-шы бабы 3–тармағында «жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде» болса, ұсынылатын нұсқада «жер мен оның қойнауы,су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген.
Жер мәселесі демекші «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы аясында игерілмей жатқан жайылымдық жерлердің мемлекетке қайтарылып, шаруаларға бөлініп берілуі, заңсыз иемденген жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылуы да заң аясында атқарылып жатқан, осы Конституцияның тиімділігін көрсететін айғақтар. Ата заңның барлық тармақтары азаматтардың қоғамда еркін өмір сүруіне, мемлекетті нығайтуына, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.
Ата заңның тиімділігі де осында жатыр.
Қалыйма Жантөреева,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы
төрағасының орынбасары,
облыстық маслихат депутаты