Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов және қалалық маслихат хатшысы Қабылан Елеусізов спорт күніне орай Ынтымақ алаңында өткен шараға қатысып, спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады.
«Бүгінде біздің спортшылар Кентаудың спорттық айбынын лайықты түрде қорғап келеді. Өздерінің белсенділігімен және жоғары нәтижелерімен республикамыздың беделін әлемдік аренада жоғары көтеруге ықпал етуде. Біздің қала өзінің спорттық тарихымен және оның тамаша дәстүрлерімен мақтанады» деген қала басшысы елдің намысын қорғап, көк байрақты желбіретіп жүрген спортшыларға алғыс білдірді.
Салтанатты шарада қала әкімі өңірдегі спорттың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар мен қаланың абыройын асқақтатып жүрген чемпиондарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және қала әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Мерекелік шарада елдің байрағын асқақтатып жүрген спортшыларға рухты әндер шырқалып, бейне роликтер көрсетілді.