Биыл Кентау қаласы бойынша 2023-2024 жаңа оқу жылында 1971 бала 1-сыныпқа баруға құжат тапсырған. Жалпы, қала мен қалаға қарасты ауылдардағы білім ошақтарында 86-сынып қамтылып отыр. Оның: қазақ сыныбында – 54, бала саны-1168, орыс сыныбы -16, бала саны- 444, өзбек сыныптары-16 бала саны — 359 .
Білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа қабылдауды алты жастағы балаларға және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес 1-сыныпқа балалар дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Қажетті құжаттар «электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы мен Smartnation базасы арқылы, сондай-ақ шалғайда орналасқан елді мекендерде қолма-қол мектепке барып тапсыру арқылы өткізілген. Осылайша келіп түскен өтініштер бір жұмыс күні ішінде қарастырылған.



