Ел руханияты үшін айрықша, маңызды мереке саналатын 10-тамыз Абай күнінде кентаулықтар іс-шара ұйымдастырды. Қаладағы А.Құнанбаевтың ескерткішінде ұлы ақынның туған күніне орай өткен шараға, қаланың зиялы қауым өкілдері Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қала әкімінің орынбасары А.Байболова, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Түнтеков, ақсақалдар алқасының төрағасы М.Молжигитов, қала жанашыры, ақын М.Мақажан қатысып, ұлы ақынның өмір жолы мен шығармалары жөнінде әңгімеледі.
«Абай Құнанбаев – ұлы тұлға. Қазақтың бас ақыны. Ақынның шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді» деген қала әкімінің орынбасары А.Байболова тұрғындарды мерекемен құттықтады. Игі шарада жастар ақынның қара сөздері мен өлең шумақтарын жатқа айтып, рухани әсем әндері шырқалды.
Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, өсиеті де аз емес. Ол шындықты айта отырып, өлеңдері мен қара сөздері арқылы жастарды адамгершілікке, адал достыққа үгіттеді. Күні бүгінге дейін дана ақынның шығармалары өзектілігін жоғалтқан емес.
Айта кетейік, мемлекет басшысының Жарлығымен 10 тамыз – «Абай күні» болып белгіленген болатын. Осыған орай, еліміздің барлық аймағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.