Кентау қалалық мәслихаттың кезектен тыс 5-ші сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, сала және мекеме басшылары қатысты.
Сессияға қалалық мәслихат хатшысы Қабылан Елеусізов төрағалық етті. Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Атап айтқанда: 1.Кентау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы;
2.Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы;
3.Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №238 «Кентау қаласының Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4.Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы «Б» корпусы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» №20 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
5.Кентау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №131 «Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы №161 «Б» корпусы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдын ала комиссия отырысында баяндамашылар тыңдалып, мәселелер кеңінен талқыланғаннан кейін сессияда тиісті шешімдер қабылданды.