Кентау қаласы спортшыларының халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жеңімпаздар саны артып келеді.
2021 жылы – 24 жеңімпаз болса, 2022 жылы – 84, ал 2023 жылдың 6 айында – 67 спортшы жеңіске жетті.
Жалпы, қала аумағында 53 спорттық нысандар жұмыс жасайды.
Былтыр Хантағы ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында екі спорт залы қолдануға беріліп, ауыл жастарын спортпен шұғылдануға жағдай жасалуда.
Кентауда спортқа бет бұрған халықтың санының артуына байланысты жаңа спорт кешенін салу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы қалада 250 орындық спорт кешенінің құрылысына және «Динамо» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстарына жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.