gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

53 жастағы Созақтық кәсіпкер тоқыма тоқып, табысын арттыруда

5 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
53 жастағы Созақтық кәсіпкер тоқыма тоқып, табысын арттыруда
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлнахар Мамилаева қазақтың сәндік тоқыма қолөнерін қолға алып, сүйікті ісімен айналысып отыр. Алғаш кәсібін балаларға арналған сәнді үлгідегі киімдер мен ойыншықтар тігуден бастаған. Қазіргі таңда 53 жастағы кәсіп иесі қосымша аяқ киімдер тоқып, табыс көзін арттыруда. Тапсырысқа орай, үйге арналған тәпішкелер және балалар мен ересектерге арналған түрлі аяқ киім мен сөмкелер тоқуда.
– Бала жасымнан тоқыма тоқуға құмар болдым. Бұл іс сүйікті кәсібіме айналды. Тоқыманың барлық түрін тоқимын. Білімімді жетілдіріп, соңғы екі жылда аяқ киімнің түрлерін тоқуды табыс көзіне айналдырдым. Ендігі мақсатым – түйе және қой жүндерін өңдеп, заманауи техникаларды игеру арқылы үлкен кәсіп ашу. Үйде отырған қыз-келіншектерге өз білгенімді үйретіп, шәкірт тәрбиелеу ісін де қолға алдым. Қазіргі кезде тоқыма аяқ киімге сұраныстар артуда. Сапасы фабрикадан шыққан өнімдерден артық болмаса, кем түспейді. Халықтың арқасында табыс тауып отқан соң барынша сұранысқа сай үлгеріп, сапасына аса мән беру арқылы көптің көңілінен шығуға тырысамын, – дейді кәсіп иесі.
Айта кетейік, Гүлнахар Мамилаева бұған дейін облыс орталығында қолөнер мәдениетін қалыптастырып, ішкі туризімді дамыту мақсатында ұйымдастырылған өңірлік көрме-байқауына өз өнімдерін бірнеше мәрте ұсынып, шараға жиналған қонақтардың қошеметіне бөленген.
Previous Post

Кентауда жеңілдетілген несие алуға өтініш берушілер көбейіп келеді

Next Post

Келесте 401 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт төселеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz