Түркістан облысында өзге өңірлерге қарағанда бала туудың жалпы коэффициенті жоғары. Еліміздегі көп балалы аналардың үштен бірі – осы Түркістан облысында. Осы факторлар жан басына шаққандағы жиынтық табыстың төмендеуінің және көп балалы отбасылардың әлеуметтік көмекке жүгінуінің негізгі себептері болып табылады.Оған дәлел, жыл сайын табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі көбейіп келеді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, аз қамтылған отбасыларды қолдаудың негізгі жолы саналатын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетіледі.
Бүгінде кенді қалада халық саны 99 793 адамды (қала халқы – 74725 адам, ауыл халқы — 25068 адам) құрады. Шаһар 52,7 мың гектар аумақты алып жатыр. Қаланың құрамына 4 ауыл кіреді. Қаланың ұлттық құрамы: қазақтар – 56,9%, өзбектер – 39,7%, орыстар – 2% және өзге ұлттар – 1,4%.Әлеуметтік сала мамандары жалпы халықтың 37,4 мыңы экономикалық жағынан алғанда белсенді екенін айтады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 35,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың 6 айында 1509 отбасы 8097 адамға 418,4 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Тарқатып айтар болсақ, 2023 жылдың 1 тоқсанында1 405 отбасы 7 251 адамға тағайындалып 278 305,1 теңге төленген. 68 отбасы 340 адамға АӘК тағайындалудан бас тартылған. 77 отбасы 412 адам жаңадан құжат тапсырған.
Екінші тоқсанында 1 196 отбасы 6 428 адамға АӘК тағайындалып 214 025,9 теңге төленген. 76 отбасы 380 адамға АӘК тағайындалудан бас тартылған, 125 отбасы 637 адам жаңадан құжат тапсырған. 3 тоқсанында 1 340 отбасы АӘК алуға өтініш білдірсе, зерделеу барысында 250 отбасы 1 263 адамға АӘК тағайындаудан бас тартылды. Бүгінгі таңда 1 қыркүйекке 1 090 отбасы 5 887 адамға АӘК тағайындалып 198 653,8 теңге төленді. Жаңадан құжат тапсырғандар 94 отбасы 491 адам.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанын қоса алғанда 1 613 отбасы 8 632 адамға 690 984,8 млн теңге тағайындалып төленуде. Жыл басынан жалпы АӘК тағайындаудан бас тартылған құжат саны 394 отбасы 1 983 адамды құрады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, 2023 жылға АӘК төлем төлеу ақысына 887 586,0 теңге қаралған. АӘК төлемінің 4 тоқсанда қалған қаражат қалдығы 196 601,2 теңге, жыл соңына АӘК төлеміне қаражат жетіспей қалу қауіпі бар.
Сонымен қатар, биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық несиені(1 адамға 5 млн. теңгеге дейін) беру жоспарланған. Бүгінгі таңға 10 азамат несие алуға өтініш білдіріп, «Аграрлық несие корпорациясына» 3 адам құжат тапсырған. Облыстық конкурстық комиссиясында 2 адамның (сабын өндіру, жылқы өсіру) жобасы қаралып, «Жылқы өсіру» жобасын ұсынған азаматтың құжаты келесі облыстық конкурстың комиссиясына жолданды.
Айта кетейік, осы жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында Қарнақ және Хантағы ауылдарының 129 тұрғынына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жоспарға енгізілген болатын. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінге дейін 54 адам өтініш білдіріп, 36 адамның жобасы мақұлданды.Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында қалада «Әлеуметтік қызмет көрсету ортылығы» ашылып, 39 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.