Кентау болашағы жарқын қала. Әсіресе, соңғы уақытта онда жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары шағын шаһардың шырайы кiркізуде. Кендi өңірде атқарылған сол жұмыстардың барасына тоқталып өтсек. Мәселен, бүгінде кентау қаласы мен оған қарасты болған 4 ауыл тұрғындары ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылы Хантағы және Байылдыр ауылдарында орналасқан Біресек және Байылдыр су аңғарларының жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылды. Сонымен қатар, Хантағы ауылы, Ильич, Иманов, Тукенов, Назаров көшелеріне, Байылдыр ауылы Аманқұл Датқа көшесіне ауыз су құбырын жүргізу мақсатынды және Ащысай ауылының ішкі ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылды.
Айта кетейік, Кентау қаласы кәріз жүйесімен 78 пайыз қамтылған, 124,2 шақырымды құрайды, тозуы 90 пайызды көрсетуде. Кәріз жүйесіне қосылған абонент саны –14 152. «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жұмыс жобасының техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, «КазЦенртЖКХ» АҚ-ға келісімдеме алуға ұсынылған.Жоба бойынша 40 га жер теліміне жаңа кәріз су тазарту станциясы, су тазарту құрылымдарымен салынады. Сонымен қатар, суды табиғи жолмен буландыру (пруд испаритель) 100 гектар жер теліміне жоспарланған. Су тазарту станциясының қуаты қаланы толыққанды және халық саны өскен жағдайда қамтуға жетерліктей жоспарлануда. Жоба бойынша қуаты – 8500м3/тәулігіне.
Кентау қаласын электрмен қамтамасыз етіп отырған екі 220 кВ-тық қосалқы станциялар бар. Ол «KEGOC» АҚ теңгеріміндегі «Кентау, Мырғалымсай» қосалқы станциялары. 220 кВ-тық «Мырғалымсай» қосалқы станциясының тозығы жетуі 90 пайыз, ал «Кентау» қосалқы станциясының тозығы жетуі 66 пайызды құрап отыр.
№ 5 ЖЭО-ның қазіргі таңда тозуы 85,4 % құрайды және Республика аумағында тозығы жеткен ЖЭО-ның қызыл аймағына енгізілді.
Кентау қаласындағы № 5 жылу энерго орталығын қайта құру жұмыстарын 3 кезеңге бөліп жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда, бірінші кезеңде қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым болатын магистралдық жылу жүйелеріне және 4 кері сорғы станцияларына қайта құру жұмыстарын жүргізу көзделген. Сонымен қатар, 4,7 шқ жылу жүйелерін ауыстыру жоспарланған болатын.
Екінші кезеңде Кентау қаласы №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары жүргізуледі. 2023 жылы 2 қазандықты жылыту маусымына дейін қайта құру, 4 қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қалған 14,5 шақырымды құрайтын магистралды жылу жүйелерін қайта құру жұмыстары да атқарылады.
Үшінші кезеңде 81 шақырымды құрайтын ішкі орамды жылу жүйелерін кеңейту және қайта құру жоспарланған. Келешекте жылу энерго орталығын газға ауыстыру да алдағы күндердің ешкісіндегі шаруа болмақ.
Инфрақұрылым жайлы сөз еткенде, тұрғындардың «көгілдір отынмен» қамтылуын айтпай кетуге болмас. Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018-2019жж. жүргізілген. Бірінші кезеңде жоспарланған нысандардың барлығы толық табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жалпы бірінші кезең нысанында 11300 абонент бар. Оның ішінде 3422 абонент табиғи газ жүйесіне қосылды.
Үшінші кезең нысандары да толық табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жалпы Үшінші кезең нысанында 3200 абонент болды Оның ішінде 751 абонент табиғи газ жүйесіне қосылған.
Бірінші және үшінші кезеңде 14500 абонент бар. Оның ішінде 4173 абонент табиғи газ жүйесіне қосылған. Бірінші және үшінші кезең нысандары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалымен келісім шарт түзіліп, сенімгерлік басқаруға берілді.
Екінші кезең нысанында 3500 абонент бар. Қазіргі таңда бұл нысан бойынша ақаулар анықталып, құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған. Сол себепті, нысан пайдалануға қабылданбаған және табиғи газға қосылмаған.
Еінші кезең нысанында анықталған ақауларды мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ақау қалпына келтіріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталған соң, мемлекеттік пайдалануға қабылданады. Нысанның орындалу техникалық құжаттамасы (ИТД) «КазТрансГазАймақ» АҚ-нан алынғаннан кейін табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда «КазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Сауран газ шаруашылығы тарапынан жеке тұрғын үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, қызметкерлердің саны аз болуына орай аталған жұмыстар баяу жүргізілуде. Қала тұрғындарын табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстарын тездету және газ тұтынушылар санын арттыру мақсатында «КазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Сауран газ шаруашылығының штат санын көбейту қажет.
Кентау қаласының газбен жабдықтау объектілерін іске асыру жөнінде және қала тұрғындарын табиғи газға қосу бойынша жол картасы әзірленіп, қала әкімімен бекітілді. Жол картасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін қала тұрғындарының 52 пайызын табиғи газға қосу жоспарланған.
Ағымдағы жылы жарық шамдар орнату мақсатында 81млн.теңге сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылды. Қазіргі таңда қалалық бюджет есебінен 7 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы рәсімделуде. Мердігер мекеме анықталған жағдайда, қаланың 26 көшесіне 300 дана жарық шамдар орнату жоспарланған.
Реті келгенде айта кетейік, биылдан бастап өңірімізде елді мекендердің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіле бастады. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді.
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданған.
Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады.
– Халықты сапалы ауыз сумен, жарықпен, табиғи газбен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Тұрғындардың негізгі өтініштері де инфрақұрылымға қатысты болып тұр. Бұл саланы әрі қарай дамыта береміз. Облыстың инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Осы бағыттағы жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында атқарылатын жұмыстар да ауқымды. Биыл жалпы құны 51,5 млрд. теңгеге 66 нысан құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 46 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Нәтижесінде су құбыры мүлдем жоқ 18 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 7, Келес – 4, Қазығұрт – 1, Ордабасы – 4, Отырар –1) ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 12 елді мекеннің (Жетісай – 1, Бәйдібек – 2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су жүйелері қайта жаңартылады. 2023 жылдың қорытындысымен 833 елді мекеннің 738 елді мекені ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.
2023 жылы газбен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында жалпы құны 60,3 млрд. теңге болатын 100 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 70 нысанның құрылысы аяқталады, қалған 30 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде биыл 56 елді мекеннің 145 мыңға жуық халқы табиғи газ пайдалануға мүмкіндік алады.
Биыл халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 47,2 млрд. теңге болатын 71 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы 40 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған 31 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде жыл соңына дейін 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтылады.