gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кенді қалада ауылшаруашылығы өндіріспен қатар дамиды

9 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кенді қалада ауылшаруашылығы өндіріспен қатар дамиды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы аудан, қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша рейтингі шығарылды. Өңірдің даму көрсеткішіне мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде 2023 жылдың ІІ тоқсанының даму қорытындысы баяндалды. Жалпы рейтингтік бағалау нәтижесінде көшбасшылар болып Отырар, Созақ аудандары және Арыс қаласы орналасты. Аутсайдерлер қатарында Жетісай, Сауран аудандары мен Кентау қаласының да бар екені мәлімделді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің мәлімдеуінше, өткен 6 айда негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім бар. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 446 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 105,7%-ды құрады. Минералды және газдалған сусындар өндірісі 2,6%-ға, мақта талшығы 2,4 есе, мұнай өнімдерін өндіру 8,9%-ға және электрмен жабдықтау жүйелері 18,3%-ға артты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 263,9 млрд. теңгені құрады. Аймақтағы мал саны көбейді. Мүйізді ірі қара мал саны – 1,4 млн.-ға жетіп, 105,4%-ға, ұсақ мал  6,2 млн. басты құрап, өсім – 102,3%-ға, жылқы саны – 476,1 мыңға, түйе  42,7 мыңға жеткен. Құстың барлық түрі  2,1 миллионға жетіп, 15,9%-ға көбейген. Ет және сүт өндіру 3,2%-ға артқан.

Инвестиция көлемі 295,5 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 8,8%-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 138,4 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,4%-ды құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 4,2%-ға артып, жарты жылда 308,6 мың шаршы метр баспана тапсырылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан, қалаларға 13 индикатор бойынша рейтингтік бағалау жүргізілуде. Олардың басым бөлігі бойынша жоспарланған межеге қол жеткізілді. Әкімдер арасында жұмыс орындарын құру, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау, шағын және орта кәсіпкерлік салалары шығарған өнім бойынша көрсеткіштері сараланатын болды.

Айтайын дегеніміз Кентау қаласының бұл бағыттағы көрсеткіштері жаман емес. Кентау о бастан өндірісті қала болған. Облыс орталығының Түркістанға ауыстырылғаны онымен шекаралас жатқан кенді шаһардың да әлеуметтік-экономикалық жағынан дами түсуіне оң әсер етті. Мұны ауылшаруашылығы өндіріспен қатар өркендей бастағанынан көруге болады. Айталық, биылғы жылдың 7 айында қаладағы жалпы өнім көлемі 38,0 млрд. теңгені құрап, жоспар 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,0 пайызға артық орындалды. Яғни, өткен жылы бұл уақытта өндірілген өнім көлемі 33,6 млрд. теңгені құраған болатын.

Алдымен өнеркәсіп саласындағы жетістіктерге тоқталайық. Қалада өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындардың есебінде болып отыр. Сала мамандарының мәлімдеуінше,  2023 жылдың 7 айының қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындар–                                    24551,4млн.теңгеге өнімін өндіріп, (2022 жылы 7 айға                     23032,2 млн. теңге) нақты көлем индексі 93,8  пайызды құрады. Оның ішінде сумен жабдықтау көлемі 708,1 млн. теңге, нақты көлем индексі 192,0 пайызды, кен өндіру өнеркәсібінде 330,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,9 пайызды, электрмен жабдықтау, газ беру көлемі 2416,7 млн. теңге, нақты көлем индексі 107,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 21096,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 90,5 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде: тамақ өнімдерін өндіру 573,4 млн.теңге  НКИ- 99,3 пайызды, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру16,1 млн.теңге НКИ- 116,7 пайызды, машина жасау – 19369,6 млн.теңге НКИ-91,9 пайызды құрады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қалада ауылшаруашылығы өндіріспен қатар даму үстінде. Бұған нақты дәлелдер келтірер болсақ, биылғы жылдың 7 айында шаһарда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі                3730,3 млн.теңгені құрап, (2022 жылы 7 айға 3716,1 млн. теңге) нақты көлем индексі 86,7 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 2814,1 млн. теңге, НКИ 82,5 пайыз(үлесі 75,4%), өсімдік шаруашылығы –850,3 млн.теңге, НКИ 102,2 пайыз (үлесі 22,8%) болды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 айында 6217,2 тонна сүт өндіріліп, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 79,4 пайызды құрады. Тірідей салмақта 1018,3 тонна ет өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 87,2 пайызды құрады. Жұмыртқа 746,6 мың дана немесе  өткен жылмен салыстырғанда 105,9%  құрады. Яғни 2022 жылдың 7 айында704,8 мың дана болатын.

Орайы келгенде айта кетейік, осы жылдың 7 айында кенді өңірге тартылған инвестиция көлемі11485,6 млн.теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 7 айында8994,3 млн. тенге болатын. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1446,2 млн.теңге (үлесі 12,5%), жергілікті бюджет есебінен                              1265,9 млн.теңге(үлесі 11,0%), меншікті қаражаты есебінен 8708,1 млн.теңге(үлесі 75,8%), басқада қаражат есебінен65,4 млн теңге(үлесі 0,7%) тартылды. Салыстырмалы түрде айта кетейік, өткен жылы республикалық бюджет есебінен 844,9 млн. теңге (үлесі 9,4%), жергілікті бюджет есебінен 334,6 млн.теңге (үлесі 3,7%),  меншікті қаражаты есебінен  7720,0 млн.теңге (үлесі 85,8%),басқада қаражат есебінен – 94,9 млн теңге(үлесі 1,1%) тартылған болатын.

Ал, Кентау қаласында 2023 жылдың 7 айдың қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 5644,9 млн.теңге, нақты көлем индексі 102,9 пайызды  құрады. Сонымен қатар, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6700 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6658 бірлік,  яғни 99,4 пайызды құрады. Былтыр тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4899 бірлік      іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4802 бірлік, 98,0 пайызды құраған болатын.

Previous Post

«Мемлекеттік тіл - Қазақстан халқын біріктіретін тіл»

Next Post

Түркістанда жиһаз шығару ісі қарқынды дамып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz