5 қыркүйек қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы мен Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күнін біріктірген атаулы күн.
Қазақстан Республикасында мекендеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін, тығыз байланыстыратын күн тіл мерекесіне орай қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен оған қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығы «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықын біріктіретін тіл» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты — сүйікті қаламыздың тұрғындарына мемлекеттік тілді дәріптеу, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау және тілдік дискриминацияға жол бермеу мәселелерін ортаға салып талқылау.
Қала әкімінің орынбасары А.Байболова төрағалық еткен жиында «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» директоры Ақмарал Утепбаева «Мемлекеттік тілді дамыту және қазақ тілін этносаралық қатынас тіліне айналдыру» тақырыбында баяндама жасады.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Ғалымжан Тәжібаев пен өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Сановар Самиева орталық жұмыстарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан Қалалық «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы М.Түнтеков және «Аналар кеңесінің» төрайымы М.Кривенцова өз пікірін ортаға салды.



