gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Жастар ел болашағы» тақырыбында дәстүрлі шахмат турнирі өтті

10 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Спорт
0
Кентауда «Жастар ел болашағы» тақырыбында дәстүрлі шахмат турнирі өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласында жасөспірімдер арасында Сақ Мәуленқұлов атындағы шахмат турнирі өтті. Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Жандос Тасов қатысып, жас шахматшыларға сәттілік тіледі.
«Біздің қаланың жанашырлары шахматты жүйелі түрде дамытуда жақсы жұмыстар атқарып, шәкірттер тәрбиелеуде. Тіпті, жарыстарға барып жеңімпаз болып жатқандары бар. Біз өте қуаныштымыз! Спорттың дамуына қолдан келгенше қолдау көрсетеміз. Бүгінгі турнир қатысушыларына жарыстан ұмытылмас әсер алып, жарқын жеңістерге жетуді тілеймін», деді.
Жарыс қалалық спорт және денешынықтыру, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс шара жасөспірімдер арасында шахматты насихаттау, мемлекеттік жастар саясатын дамыту, жастарды спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, нашақорлықтың алдын алу мақсатында өткізілді. Турнирге қаланың 70-ке жуық жас шахматшылары қатысып, бақтарын сынады.
Баланы жылдам ойлауға, нақты шешім қабылдап қадам жасауға бейімдейтін шахмат сайысының нәтижесінде № 24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Алиакбар Алижан 1 орын, 2-орынды № 23 Ә.Бөкейханов атындағы мектептің оқушысы Аманбек Диас, 3-орын Т.Рысқұлов атындағы № 24 мектеп оқушысы Қыдырбай Марғұлан иеленді
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, алғысхаттармен марапатталды.
Previous Post

Қоқыс жәшіктері жаңартылуда

Next Post

Жетісайда «Жасыл экономика» жобасы жүзеге асып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz