gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша кездесу өтті

11 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентаулық жастарға Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібі түсіндірілді. Қалалық  әкімдікте өткен жиынға орта арнаулы колледж мамандары мен мектеп мұғалімдері, сонымен қатар жасы 35-тен аспаған жастар қатысты.
Кездесуде Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы  Нұржан Ташимов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары  Дархан Суртеков жоба аясындағы басымдықтарды кең көлемде түсіндіріп берді.  Жастарға аталған мүмкіндікті пайдалану маңызды екенін айтты.
Президенттік кадр резервіне тіркелу бойынша жастар өз сала мамандарына сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Айта кетейік, Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталдыМемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеуге құжаттар қабылдануда.

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

  • Құжаттарды қабылдау;
  • Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
  • Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
  • Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
  • Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

Previous Post

Кентауда инклюзияны қолдау ресурстық кабинеті ашылды

Next Post

Созақ ауданы жылу беру маусымына дайындығын пысықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz