gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Кентауда инклюзияны қолдау ресурстық кабинеті ашылды

11 сентября, 2023
in Білім, Жаңалықтар
0
Кентауда инклюзияны қолдау ресурстық кабинеті ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға инклюзивті білім беруді, балалардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға және оқу бағдарламасының мазмұнына қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында бүгін Кентау қаласындағы Әль-Фараби атындағы №14 эстетикалық-лингвистикалық бағытындағы мектеп-гимназия базасынан инклюзияны қолдау ресустық кабинетінің ресми ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының білім басқармасының бас маманы Ғалия Жанаева, облыстық ПМПК меңгерушісі Гульмира Карибаева, 1ПМПК меңгерушісі Асыл Байжуманова, Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев бөлім әдіскерлері мен мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Соңғы жылдары елімізде арнаулы білім жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды. Мәселелерді тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріп, ҚР білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған.
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция үдерістерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту жүйесі.
Осы сәтке дейін, ерекше балаларына білім беру мақсатында басқа қалаларға қатынап жүрген ата-ана үшін бұл қуанышты жағдай болды. Енді балалар өз қаласында білім алып жүретін болады. Ата-аналар мәселенің шешіліп, жүзеге асырылғанына дән ризашылықтарын білдірді.
Бүгінгі таңға Ресурстық кабинетке 2023-2024 оқу жылына психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің негізінде 21 бала орталық табалдырығын аттады. Алдағы уақытта, өзге де білім ошақтарынан дәл осындай кабинеттер ашу жоспарлануда.
Previous Post

Жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берілмейді

Next Post

Кентауда Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz