Бүгінде облыста «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бірқатар шаралар қолға алынуда. Жалпы «Ауыл – ел бесігі» жобасы мемлекет тарапынан ауылдарды дамытуға арналған үлкен мүмкіндік. Соның ішінде әсіресе, ауылдар мен елді мекендердегі инфрақұрылым жүйелерін жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, Түркістан облысы бойынша 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 163 елді мекенде 337 жобаны іске асыруға бюджеттен 31,0 млрд. теңге бөлінді. Оның 97-сі өткен жылдан өтпелі болса, 240-ы – жаңа жобалар. Осы арқылы денсаулық сақтау саласында – 11, білім беру саласында – 17, спорт саласында – 18, мәдениет саласында – 21, ауыз су – 2, газдандыру – 24, электрмен қамту – 22 және жол жөндеу саласында 222 жоба жүзеге асады.
Жоғарыда аталған жоба аясында ауылдар мен елдімекендердің инфрақұрылымдық жүйелерін жақсартуға баса көңіл бөлініп отырғанын айтып өттік. Мәселен, Сауранда қазіргі таңда аталған жоба аясында бірқатар көшелер жөнделді. Атап өтер болсақ, Сауран ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде орналасқан Достық-2 көшесінде 1,1 шақырымдық жол, Достық-4 көшесіне 0,8 шқ аяқ жол мен автожол салынып ел игілігіне берілді.Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Ескі Иқан елді мекенінде Салауат көшесіне 0,8 шақырымдық жол, Әуезов көшесіне 0,55 шақырымдық жол, Сұлтанқожа көшесіне 1,1 шақырымдық автожолы салынап, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір сүруге жайлы орта құру бойынша шаралар іске асыруды көздейді.
Қазіргі таңда ауданда жол салу мен жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде ауыл-аймақ және елді мекен ішіндегі бірнеше көшелер де бар. Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл елді мекенінің көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, атап айтсақ, Қонаев, Шаяхметов және Уалиханов көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде “Ауыл – Ел бесігі” жобасы аясында Достық-2 көшесінде 1150 метр жол, Достық-4 көшесіне 850 метр аяқ жол мен автожол салынып ел игілігіне берілді. Ал, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл елді мекенінде орналасқан Қонаев көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары басталды. Аталмыш елді мекеннің басқада көшелерін реттеу жұмыстары алдағы уақытта қолға алынатын болады.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.
Биылғы жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.