gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Түркістан дауысы – 2023» байқауында Абай облысының өнерпазы жеңімпаз атанды

15 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Түркістан дауысы – 2023» байқауында Абай облысының өнерпазы жеңімпаз атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығында өткен республикалық «Түркістан дауысы – 2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген 16 үміткер екі күн бойы ән додасында бақ сынады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған байқаудың шартына сәйкес, қатысушы екі музыкалық шығарманы орындады. Бірінші күні қазақ композиторларының әндерін шырқаған қатысушылар бүгін өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы шығарманы орындады.
Байқауға музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Дәуешов, әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Мадина Садуақасова, әнші, «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков, әнші, композитор Сәби Мархаба, әнші, түрлі республикалық, халықаралық байқаудың жеңімпазы Бауыржан Исаев төрелік етті. Кешке елдің сүйіктісіне айналған белгілі әнші Мейрамбек Беспаев қонақ болып, өнер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен республикалық «Түркістан дауысы – 2023» жас орындаушылар байқауында Ербол Нариманұлы (Абай облысы) бас жүлде иегері атанды. Жүлделі І орын Аружан Айдарбек (Түркістан облысы) пен Ерназар Жұбанға (Маңғыстау облысы), ІІ орынға Аян Байжігіт пен (Жетісу облысы) пен Жанар Жүніске (Шымкент қаласы) бұйырды. Ал Аружан Бисембай (Батыс Қазақстан облысы) мен Дана Сағымбай (Алматы қаласы), Ақбота Құснадин (Қызылорда облысы) жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Байқаудың арнайы жүлдесі Данияр Барыс (Түркістан қаласы) пен Дана Мажитоваға (Атырау облысы), Мөлдір Төлебековаға (Жамбыл облысы) бұйырды. Ақбөпе Алибекова (Ақтөбе облысы), Халид Орынқұл (Ұлытау облысы), Нұрбол Сыдықов (Астана қаласы) байқау дипломанттары атанды. Мадина Қабдолла (Қарағанды облысы) мен Тимур Көпжасар (Павлодар облысы) қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

Previous Post

Түркітілдес елдерден келген делегация түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттауды бастады

Next Post

Кентауда табиғи газ тұтынатын 480 абонентке мұржа қойылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz