gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда табиғи газ тұтынатын 480 абонентке мұржа қойылады

15 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда табиғи газ тұтынатын 480 абонентке мұржа қойылады
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Дархан СатыбалдыСозақ, Сауран, Бәйдібек, Ордабасы аудандары мен Кентау және Түркістан қалаларын газбен қамту жұмыстары талқыланған мәжілісте «Түркістан облысын газдандыру бағытындағы жұмыс жүйелі әрі сапалы атқарылуы тиіс» деген болатын. Сонымен қатар, өңір басшысы аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырып, бірқатар жауапты тұлғаға ауызша ескерту берген еді.

– Аудандар мен қалаларды аралау барысында тұрғындар коммуналдық-шаруашылық, әсіресе, газ мәселесін жиі көтереді. Тұрғындарды газбен қамту – біздің міндетіміз. Жұмысын дұрыс атқармаған мердігерлермен заң аясында сөйлесіңіздер. Газбен қамту бойынша аудандар Жол карталарын ұсынсын. Осы бір жоспар негізінде жүйелі жұмыс атқарайық. Екіншіден, аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар арасында байланыс болуы керек. Хабарласып, ел мүддесіне қатысты әрбір мәселені жедел шешуді қолға алған жөн. Газды күтіп отырған ауылдар бар. Кезең-кезеңімен бюджетке енгізіп, тиісті жұмыстарды атқару қажет, – деген болатын Дархан Сатыбалды.

Кентау қаласында бүгінде тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Кентау қалалық газ қызметі КММ директоры  А.Әміртаевтың мәлімдеуінше, Кентау қаласының газбен жабдықтау объектілерін іске асыру жөніндегі және қала тұрғындарын табиғи газға қосу бойынша жол картасы әзірленген. Осы жол картасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін қала тұрғындарының 52 пайызынтабиғи газға қосу жоспарланған.

Қазіргі таңда осы жоспарға сәйкес қала бойынша жалпы 18000 абонентің 6005(34%) абоненті табиғи газ жүйесін қолданып отыр. Тарқатып айтар болсақ, көп қабатты пәтерлерден – 40 (2440 пәтер), жеке тұрғын үйлерден –3538, жеке кәсіпкерлік нысандардан 27 абонент табиғи газды тұтынады.

Жалпы қалада газдандыру жұмыстары үш кезеңге бөлінген. Ікезең бойынша жалпы 11300 абоненттің 4245 абоненті табиғи газ жүйесін қолданып отыр. Олардың ішінде көп қабатты пәтерлерден – 40 (2440 пәтер), жеке тұрғын үйлерден –1790, жеке кәсіпкерлік нысандардан 15 абонент бар.

ІІкезең бойынша жалпы 3500 абонентті газбен қамту көзделген. ІІ-кезең нысаны бойынша мердігер тарапынан ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал, ІІІкезең бойынша жалпы 3200 абоненттің 1760 абоненті табиғи газ жүйесін қолданып отыр. Тарқатып айтар болсақ, оның ішінде жеке тұрғын үйлерден –1748, жеке кәсіпкерлік нысандардан 12 абонент бар.

Сала мамандары тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары нәтижесінде алдағы айларда мынадай нәтижелерге жетуді жоспарланған болатын. Айталық, тамыз айында (32%) 5600 абонентті, қыркүйек айында (37%) 6660 абонентті, қазан айында (42%) 7560 абонентті, қараша айында (47%) 8460 абонентті, желтоқсан айында (52%) 9360 абонентті «көгілдір отынмен» қамту көзделіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша жыл басынан бері 3400 абонент техникалық құжат алуға өтініш білдірген. Оның 2950-і оң шешім тапса, 35-і кері қайтарылған. Ал, 415-і әлі қаралуда. Күзгі және қысқы жылыту маусымына дайындық мақсатында көп қабатты пәтерлердегі жылыту пештерін қолдану, мұржаларды тазарту, газдан улану, өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сала мамандарының бүгінге дейін үй аралап, тексерген абонент саны – 2400. Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағында газ жүйесіне заңсыз қосылған абонентерді анықтап, алдын алу шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда заңсыз қосылған абоненттер анықталмады.

Кентау қаласында жаңадан бой көтерген Уалиханов бойындағы көп қабатты тұрғын үйлерде дымоход жүйесінен ақаулар анықталып, қазіргі таңда «Liga NS» мердігер мекеме тарапына құлаған, қисайған дымоход жүйелері толық қалыпқа келтірілді. Сала мамандары осы тексеру жұмысы барысында үй ішілік мұржа орнатудан кемшіліктер жіберген тұрғындарды анықтап, 120 абонентке талапқа сәйкес мұржа орнатылды. Қалған 480 абоненткеде талапқа сәйкес мұржалар орнату бойынша мердігер мекемеге хат жолданды.

Биылдан бастап өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіле бастады. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өте бастайды. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданған.

Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша  да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады.

– Халықты сапалы ауыз сумен, жарықпен, табиғи газбен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Тұрғындардың негізгі өтініштері де инфрақұрылымға қатысты болып тұр. Бұл саланы әрі қарай дамыта береміз. Облыстың инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Осы бағыттағы жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, облыста тұрғындарды газбен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында жалпы құны 60,3 млрд. теңге болатын 100 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 70 нысанның құрылысы аяқталады, қалған 30 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде биыл 56 елді мекеннің 145 мыңға жуық халқы табиғи газ пайдалануға мүмкіндік алады.

Previous Post

«Түркістан дауысы – 2023» байқауында Абай облысының өнерпазы жеңімпаз атанды

Next Post

Биыл Кентауға 3 мыңнан астам турист келетін болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz