Түркістан облыстық полиция департаментінің «CyberPol» арнайы тергеу-жедел тобы қоғамымызда белең алған алаяқтық қылмыспен күресу үшін түрлі алдын алу шараларын өткізуде. Соның бірі ретінде облыс аумағында орналасқан 750-ден астам мешіт пен медресенің имамдарымен бірлесіп, халықты интернет-алаяқтықтан қорғау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып жатқанын айтуға болады.
Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта басқа адамдардың нөмірлерінен қоңырау шалып, өзін «банк қызметкерімін» деп таныстыратын алаяқтардың саны артты. Құрбандарының сеніміне кірудің әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, олардың біреудің өз шоттарын бұзуға тырысқаны туралы хабарлап, қауіпсіздік үшін қолда бар ақшаны басқа банктің шотына аударуға кеңес береді.
Алаяқтар кейбір жағдайларда әртүрлі шпиондық бағдарламаларды сенімді адамдардың телефондарына хакерліктен қорғау үшін орнатуға көндіреді, содан кейін олар құрбандардың шоттарын нөлге айналдырады.
Алаяқтар көбінесе егде жастағы адамдарға туыстарының апатқа ұшырағаны немесе олардың кінәсі туралы хабарлап, жәбірленушілерді жауапкершіліктен босату үшін ақша талап етеді. Осындай қылмыстардың жолын кесіп, оларды болдырмау мақсатында мешіт пен медресенің имамдары жиналған қауымға алаяқтыққа байланысты сақтық шаралары түсіндіріп, ескерту шараларын жүргізеді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары барлық азаматтарға күдікті қоңыраулар мен хабарламалар алған кездедереубанкке хабарласуға кеңес береді. Айта кетейік, қайғылы оқиғаны хабарлап қоңырау шалған кездеполицияға хабарласыңыз және ешқандай жағдайға көз жеткізбей ақшаңызды ешкімге бермеңіз.
Ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан полициясының қызметкерлері 6 қылмыстық топты анықтады, қазірдің өзінде 46 алаяқ жауапқа тартылды және интернет-алаяқтықпен байланысты 71 қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Сонымен қатар, полицейлер 45 жайт бойынша алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікте ер адамды анықтады. Түркістаноблыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтық қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды Шымкент қаласынан ұстады. Қызылордалық күдіктінің Түркістан, Қызылоррда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 6 миллион теңгені құрайды.
Оқиға жайлы толығырақ баяндай кетейік. Ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылармен сенімді қарым қатынас орнатқан. Түрлі тауарды жымқырып келген. Ашып айтсақ, алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген желеумен тауарды тиеген бойда оқиға орнынан ізін суытып отырған. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды ескертеді. Және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.
Жалпы алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек. Өзіңізді және телефоныңызда сақталған құпия ақпаратты қалай қорғауға болады?
Алаяқтар қандай деректерді алғысы келеді
Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет: жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сондай-ақ олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуі қажет. Сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие болады.
Әлеуметтік инженерия мен фишингті қолдана отырып, алаяқтар сіздің гаджеттеріңізге, атап айтқанда ұялы телефонға қашықтан қол жеткізу және осылайша құпия ақпаратты ұрлау мақсатында конфиденциалды деректерді білуге тырысады.
Гаджетіңізді кибершабуылдардан қалай қорғайсыз?
Әрине, ешкім де маңызды қаржылық ақпаратты алаяқтарға өз еркімен бергісі келмейді. Сондықтан, қаскөйлер түрлі бағдарламалық қамтылымдарды пайдаланады. Көбіне трояндарды іске қосады. «Трояндар» рұқсат берілген бағдарламалық қамтылымдарда бүркемеленген зиянкес бағдарлама болып табылады. Олар пайдаланушылар жайлы ақпараттарға рұқсатсыз қол жеткізуге, сол арқылы қажетті қаражатты ұрлауға көмектеседі. Көп жағдайда трояндар мобильді қосымшалар мен мессенджерлерге шабуыл жасайды, себебі адамдар үнемі өз телефонын банктік қосымшалар орнатылған, парольдер мен басқа да маңызды ақпараттар сақталатын сенімді құрылғы ретінде қолданады.
Мұндай шабуылдардан қорғану үшін тексерілген вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану қажет. Оларды өзіңіз қолданатын барлық құрылғыларға орнатып алыңыз және жиі-жиі жаңартып отыруды ұмытпаңыз, себебі алаяқтар үнемі бағдарламалық қамтылымдар мен қосымшалардағы кемшіліктерді іздеп отырады.
Сондай-ақ, поштаңызға келетін сілтемелерге назар аударыңыз. Егер де домен күдік туғызатын болса, сілтемені ашпаңыз, бұл жерде бұзып кіру қауіпі болуы мүмкін. Спамдарды бұғаттаңыз және оны корзинаға жөнелтіңіз. Операциялық жүйені жаңартып отырыңыз және барлық қосымшаларға, пошта жәшіктеріне, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға сенімді және әртүрлі құпия сөздерді орнатыңыз. Қосымшалардың және басқа да маңызды сервистердің парольдерін/кіру кодтарын ұялы телефоныңызда сақтамаңыз. Құрылғының жадында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілтін сақтамаңыз. Сонымен қатар, құрылғылардың жадында банк карталарының фотосуреттерін, парольдің жазылуы мен дербес/құпия деректердің ұрлануына әкелуі мүмкін басқа да ақпаратты бейнелейтін фотосуреттерді сақтамаңыз және мессенджерлерде жібермеңіз.
Тексерілген ақпарат көздеріне ғана сеніңіз…
Айфон иелері қосымшаларды AppStore-ден ғана, ал Android базасындағы телефондар Google Play-ден ала алады. Қосымшаны жүктемес бұрын пайдаланушылардың түсіндірмелерімен мұқият танысыңыз және әзірлеушілердің қосымшаны кезеңмен жаңартып отыруына (ресми дүкендерде міндетті тәртіппен соңғы жаңартулардың күні көрсетілген) көз жеткізіңіз. Уақыт өткен сайын орнатылған қосымшалардың тізімін тексеріңіз. Керек емесін, егер оларды жиі пайдаланбасаңыз, әсіресе, егер олар ресми дереккөздерінде болмаса және соңғы рет қашан жаңартылған белгісіз болса алып тастаңыз. Сіз құрылғынызды бұзу әрекетіне осылайша жол бермейсіз.



