gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда имамдар алаяқтыққа байланысты сақтық шараларын жүргізуге атсалысуда

26 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда имамдар алаяқтыққа байланысты сақтық шараларын жүргізуге атсалысуда
Share on FacebookShare on Twitter

Ақпараттық технология дамыған сайын интернет алаяқтықта көбейе түсуде. Оның түрлері де бүгінгі заманға сай жаңарып, өзгеруде. Жалпы алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталық құрып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде «CyberPol» қызметін іске қосты. Цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облыстық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы жанынан құрылған «CyberPol» пилоттық жобасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға 6 жедел уәкіл мен 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы бекітілген. Аталған топ жылбасынан бүгінге дейін облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 311 істі тіркеді, оның ішінде 118 іс сотқа жолданды, 129 іс тоқтамға алынып ашылмай қалып тұр. Ашылу пайызы 47,7-ні құрауда.

«Cyberpol» соққы-нысаналы тобының тиімділігін арттыру мақсатында, аталмыш топ арнайы жұмыс орнымен (кабинет), тиісті компьютерлік техникамен,ақпараттық мамандандырылған бағдарламалармен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді.Сонымен қатар, қылмыстарды ашу барысында жедел-тергеу тобы ҚР Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпараттық-аналитикалық бағдарламаларды пайдалануда.

Айта кетейік, республика аумағында қылмыстық көрсеткіш 5 жылда 50 пайызға азайса, алаяқтық қылмыстар саны керісінше артқан. Мәселен, соңғы 2 жылда өңірімізде 2 500-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелген.

Осы кезеңде алаяқтардың құрбандары болғандардың саны да 6,6 пайызға  өскендігі анықталды. Жәбірленушілердің 82,2 пайызын жұмыссыз жүргендер құраса, 68,1 пайызы әйел адамдар, 26,1 пайызы жастар болып отыр. Оларға келтірілген залал3,8 млрд. теңгені құраса, оның тек 20,7 пайызы ғана өндірілген. Қазіргі ақпараттық технология дамыған заманда алаяқтықтың түрлері де көбеюде.

Облыс аймағында алаяқтықтың 7 түрі кең таралуда. Алаяқтық санын күрт өсірген фактор ол интернет желісінде жасалатын сенімге кіру мен алдау оқиғалары болып табылады. Республика бойынша 2022 жылы тіркелген 37 286 қылмыстың 47 пайызы интернет алаяқтыққа байланысты болса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш 35 пайызды құраған. Көп жағдайда азаматтар ғаламтор және мобильдік банкинг арқылы тексерілмеген есеп шоттарға ақша аудару салдарынан алаяқтықтың құрбаны болып отыр.

Жалпы статистикалық мәліметке сүйенсек, облыс аймағында екі жыл ішінде 700-ге жуық интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстар тіркелген. Интернет-алаяқтықтардың күн сайын жаңа тәсілдері, жаңа схемалары пайда болуда. Облыс прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде мәлім болғандай, әлеуметтік желілерде «Whatsapp» мессенджерлерін қолдану арқылы облысымызда 200-ге жуық алаяқтық әрекеттері іске асырылған екен.

Түркістан облыстық полиция департаментінің«CyberPol» арнайы жедел-тергеу тобы қоғамның барлық топтарымен өзара іс-қимылды және алаяқтықпен күресу үшін түрлі алдын алу құралдарын пайдалануда. Соның бірі ретінде облыс аумағында орналасқан 750-ден астам мешіт пен медресенің имамдарымен бірлесіп, халықты интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстардан қорғау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда.

Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, соңғы уақытта басқа адамдардың нөмірлерінен қоңырау шалып, өздерін «банк қызметкерлерімін» деп таныстыратын алаяқтардың саны артқан. Олар құрбандардың сеніміне кірудің әртүрлі тәсілдерін игере отырып, біреудің шоттарын бұзуға тырысқаны туралы хабарлайды және қауіпсіздік үшін қолда бар ақшаны басқа есепшотқа аударуға кеңес береді. Алаяқтар кейбір жағдайларда әртүрлі шпиондық бағдарламаларды сенімді адамдардың телефондарына хакерліктен қорғау үшін орнатуға көндіреді. Содан кейін олар құрбандардың шоттарын нөлге айналдырады. «Алаяқтар көбіне егде жастағы адамдарды алдаудың ескі схемаларын қолданады» дейді олар.

Жалпы, қаржылық алаяқтыққа ұшырауға бейім  негізгі тәуекел тобы — зейнет жасындағы адамдар. 63 жастан асқан азаматтар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, алаяқтық әрекеттерге алданғандардың 50,7 пайызы алаяқтарды бірден ажырата алмаған. Олардың 6,3 пайызы қылмыскерлерге жартылай ақпарат берген және ешқашан қылмыскер телефон соққан ұйымның деректерін нақтыламаған.

Есіңізде болсын, алаяқтар туыстарының апатқа ұшырағаны немесе олардың кінәсі туралы хабарлап, жәбірленушілерді жауапкершіліктен босату немесе емдеу үшін ақша талап етеді. Осындай қылмыстарды болдырмай, олардың жолын кесу мақсатында мешіт пен медресенің имамдары жиналған қауымға қоғамымызда белең алған алаяқтық қылмыстарға байланысты сақтық шаралары туралы ескертеді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары барлық азаматтарға күдікті қоңыраулар мен хабарламалар алған кезде дереу банкке хабарласуға кеңес береді. Оқиға туралы қоңырау шалған кезде полицияға хабарласыңыз және қандай жағдай болмасын көз жеткізбей ақшаңызды ешкімге бермеңіз.  Егер алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

Реті келгенде интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары жайлы да айта кетейік. Құқық қорғаушылар тұрғындарды көбіне дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Previous Post

Түркістан облысында интернет-алаяқтықпен байланысты 71 қылмыстық іс сотқа жіберілді

Next Post

Түркістанда коммуналдық қызмет ақысы көрсетілетін қағаздардың екінші бетіне алаяқтардан сақтану жолдары жазылып таратылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz