gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда коммуналдық қызмет ақысы көрсетілетін қағаздардың екінші бетіне алаяқтардан сақтану жолдары жазылып таратылуда

27 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда коммуналдық қызмет ақысы көрсетілетін қағаздардың екінші бетіне алаяқтардан сақтану жолдары жазылып таратылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты Жолдауында:

— Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн, — деген болатын.

ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталық құрып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде «CyberPol» қызметін іске қосты. Цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жанынан құрылған «CyberPol» пилоттық жобасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға 6 жедел уәкіл мен 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы бекітілген. Аталған топ жылбасынан бүгінге дейін облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 311 істі тіркеді, оның ішінде 118 іс сотқа жолданды, 129 іс тоқтамға алынып ашылмай қалып тұр. Ашылу пайызы 47,7-ні құрауда.

Қазіргі таңда қоғамымызда интернет алаяқтардың қатары күн өткен сайын арта түсуде. Ақпараттық технологияның көмегімен оңай олжаға кенелуді көздеген алаяқтардың шабуылдарының түрлері де жаңарып, өзгеруде. Сондықтан, өңір полицейлері тұрғындарды ғаламтор алаяқтарынан сақ болуға шақырады.

— Қазіргі таңда ғаламтор желісінде алаяқтық жасайтын азаматтар көп. Мұндай қылмысқа баратындарбөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен олардың мүлкіне ие болуға тырысады. Сондықтан, полиция қызметкерлері оңай жолмн олжаға кенелуді көздегендермен күрес жұмыстарын күн тәртібінен түсірген емес.
Түркістан облыстықполиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының «CyberPol» соққы-нысаналы тобы мен «БТО-Түркістан» мекемесі осы бағытта бірге жүйелі жұмыстарды жүргізілуде.Яғни, пайдаланылған коммуналдық қызмет ақысын төлеу туралы әрбір тұрғынға берілетін ескерту қағазының екінші бетіне алаяқтық қылмысынан сақтану жолдары жазылып, азаматтарға таратылуда.

Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын жерлерге ғаламтор алаяқтығы туралы, оны болдырмау және алдын алу мақсатындағы қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар ілініп, нақты факторын көрсететін брошюлар таратуда, — дейді құқық қорғаушылар.

Реті келгенде айта кетейік, бүгінгі алаяқтар бірінші кезекте сіздің дербес деректеріңізге көз тігеді. Сондықтан, ешқашан және ешкімге жеке деректеріңізді, банк картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV кодты (банк картасының артқы жағындағы үш санды, картаның түпнұсқалығын тексеру кодын), құпия сөзді және ақша қалдығын, жасалған операцияны растау үшін SMS-кодты: төлемді, аударымды және т.б. айтпаңыз. Интернет-банкингтегі немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетіңіздің паролін ешкімге бермеңіз.

Негізінен алаяқтардың құрбанына айналатындар – қарт адамдар. Сол себепті, зейнет жасындағы туысқандарыңыз болса, оларға алаяқтардың айла-амалдары туралы жиі айтыңыз. Қазір алаяқтардың көбі өздерін «банк қызметкерімін» деп таныстырады. Сондықтан, егер сізге банк қызметкерлерінен қоңырау түссе, әңгімені бірден тоқтатқаныңыз дұрыс. Есіңізде болсын, нағыз банк қызметкері, банктердің байланыс орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды ақпарат тек алаяқтарға қажет. Сондықтан, құқық қорғаушылар егер күмәнданған болсаңыз, сізге қызмет көрсететін банктің Call-орталығына хабарласып өзіңізді толғандырған сұрақтарыңызға жауап ала алатыныңызды ескертеді.

Кейбір алаяқтар өзін «құқық қорғау органдарының қызметкерімін» деп таныстыруы мүмкін. Мұндай жағдайда күдіктінің полицияның нақты қай бөлімшесінен екенін, оған қатысты қандай баптың қолданылып жатқанын, іс-әрекеттің қашан жасалғанын, адвокат көмегінің көрсетілген-көрсетілмегенін және онымен қалай байланысуға болатынын сұраңыз. Сондай-ақ, сізге оның атынан хабарласқан ұйымның, яғни ҚР Ішкі істер министрлігіне немесе жергілікті полиция бөлімшесінің шұғыл желісіне өзіңіз қоңырау соғыңыз. Және мәселенің анық-қанығына көз жеткізіңіз.

Әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Мәселен, сіз алаяқтарға ақша аударып қойдыңыз. Ондай жағдайда не істейсіз? Енді осы туралы айталық. Ең алдымен, сізге банкке хабарласып, менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатынын білу керек. Мұндайда сіз егер де қаражат әлі аударылып жатқан болса, онда операцияны тоқтата аласыз. Соңғы операцияны қайтару туралы өтініш жазасыз. Банктердің қаражатты қайтаруы немесе соңғы операцияны тоқтатуы бірнеше сағаттан 60 күнге дейін жүзеге асырылатынын біле жүріңіз.

Егер аударым іске асырылған болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаныңыз жөн. Себебі құқық қорғау органдары азаматтарды жәбірленуші деп таныған жағдайда, олар  ҚР АК 9-бабына сәйкес үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері бойынша сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, банктердің техникалық төлемдері жақсы қорғалғанын есте сақтаңыз. Алаяқтар банктердің техникалық қауіпсіздігін бұзуға емес, азаматтардың сеніміне кіруге баса назар аударады. Шоттарыңыздағы барлық операцияларды бақылау үшін мобильдік банкті және SMS-хабарламаларды қосып алыңыз. Осылайша, сіз алаяқтардың әрекеттеріне жылдам жауап бере аласыз. Мұндайда уақытты өткізіп алмау өте маңызды екенін ұмытпаңыз.

Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада көп ақша сақтамаңыз. Қажет болған жағдайда негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс. Оның үстіне, банктердегі ішкі операциялардың көпшілігі тегін.

Ал, алаяқтар сіздің атыңызға жалған кредит  ресімдеген жағдайда не істеу қажет? Айталық, егер сіздің дербес және төлем деректеріңіз киберқылмыскерлердің қолына түскен жағдайда, олар сіздің онлайн немесе мобильдік банкингіңізді бұзып, алаяқтық тәсілмен кредит ресімдеулері мүмкін. Атыңызға заңсыз кредит ресімделу фактісін кредиттік тарихтың көмегімен анықтауға болады, оны тоқсанына кемінде 1 реттексеріп тұру қажет. Дербес кредиттік есепті Мемлекеттік кредит бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚО-дан немесе  egov.kz  порталы арқылы  алуға болады.

Егер сіз «басқа адамның кредитінің» құрбаны болсаңыз, онда бірінші кезекте, қарыз ресімделген кредиттік ұйымның атауын біліп алыңыз және оған өтінішпен жүгініңіз. Өтінішті сондай-ақ, құқық қорғау органына да беру қажет екенін ескеріңіз. Сіздің өтініштеріңде қабылдау күні көрсетілген тіркеу нөмірі қойылуы керек екенін де айта кетейік.

Кредитордан міндетті түрде ішкі қызметтік реттеу жүргізуді талап етіңіз. Сонымен қатар, кредиттік ұйым сізге шарттың көшірмелерін, оған қосымшаларды және жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуға тиіс. Сізге кредит берген және шартты ресімдеген қызметкердің деректерін нақтылау қажет.

Кредиттік ұйым  құжаттар ұсынудан бас тартқан жағдайда, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым түсіре аласыз.

Егер кредиттік ұйым ақшаны сіздің жеке куәлігіңіз  бойынша алаяқтардың алғанына дәлелдер таба алмаса, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы шағым-талап беру қажет. Сот шешімді сіздің пайдаңызға шығарған жағдайда, кредиттік ұйым:

— сізден борышты төлеуді талап етуді тоқтатуға;

— берешекті есептен шығаруға;

— кредиттік бюроға сіздің кредиттік тарихыңыздан басқа адамның қарызы бойынша ақпаратты алып тастау жөнінде хат жолдауға тиіс.

Өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың айласынан қорғай біліңіз.

Previous Post

Түркістанда имамдар алаяқтыққа байланысты сақтық шараларын жүргізуге атсалысуда

Next Post

Жетісайлық полицейлер алаяқтық қылмыстың құрбаны болмаудың бірнеше тәсілін ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz