gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ветеринария қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі артпақ

30 октября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ветеринария қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі артпақ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы ветеринария басқармасының ұжымында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды талқылау және келесі жылғы жоспарды ұйымдастыру бойынша жиналыс өтті.

Аталмыш жиынға басқарма басшысы Ғани Құрманбай төрағалық етіп, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшылары мен облыстық «Ветеринариялық қызмет» МКК қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде алдағы жоспарларға ден қойылды. Мал дәрігерлері қызметкерлерінің имидждік келбетін қалыптастырып, қоғамдағы рөлін жоғарылату, арнайы кәсіби мереке бекіту мен жеке кәсіби киім үлгісін жасақтау жұмыстары талқыланды.

– Ветеринария қызметкерлері қоғамда үлкен рөл атқаратын мамандар. Олардың жұмыстары ауқымды. Жануарлардан таралатын қаншама ауруларды емдеумен айналысып, өз өмірлерін тәуекелге тігіп жұмыс жасайды. Олардың санаторийге барып демалуын қадағалап, денсаулықтарының жақсы болуы қамтамасыз етілуі тиіс, — деді Ғани Тұрысқұлұлы.

Сонымен қатар, басқарма ұжымы 17 қараша күні Отырар ауданында ветеринария қызметкерлерінің қатысумен семинар өткізуді жоспарлап отыр. Оған Жамбыл, Қызылорда облыстарынан тиісті өкілдер де шақырылмақ.

Айта кетейік, Түркістан облысының ветеринария басқармасы 2023 жылдың 13 наурызында құрылған.

Previous Post

Алаяқ мойнындағы алқасын «алтын» деп ломбардқа өткізіп жіберген....

Next Post

Жәбірленушіні жарты жыл алдап келген...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz