gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жәбірленушіні жарты жыл алдап келген…

30 октября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жәбірленушіні жарты жыл алдап келген…
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамымызда алаяқтық құқық бұзушылық қылмыстар көбейген сайын, құқық қорғау органдарының қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Соның нәтижесінде, халықтық сауаты ашылып, қазір «банктен хабарласып тұрмын» немесе «Сіздің атыңыздан белгілі біреулер несие рәсімдемек» деген сыңды жалған ақпараттарға алдана қоймайтын болды. Дегенмен, алаяқтар тұрғындарды құрығына түсірудің одан өзге де тәсілдерін ойлап табуда.

Айталық, сізге банктің қауіпсіздік қызметінен немесе полициядан«Алаяқтармен бірге байланыста жұмыс істейтін банк қызметінің әрекетін әшкерелеуге көмектесіңізші» деген сыңды мағынада хабарласып, өтініш білдіруі мүмкін. Осы мақсатта сізден жеке кәулігініңіздің, банк картаңыздың есепшотын сұрайды. «Сөзімізге сенуіңіз үшін мынан нөмірге хабарласып, көз жеткізуіңізге болады» дейді. Қысқасы, қақпанға түсіргісі келетін адамның толық сеніміне кіріп, банк қызметкерінің алаяқтық әрекетін әшкерелеу үшін сіздің атыңыздан несие рәсімдейтіндіктерін айтады. Бұл көмегі үшін оған сыйақы берілетіндігін де айтып, қызықтырып қояды.

Сала мамандары «алаяқтарды ұстауға көмектесіп отырмын» деген ниетте несие рәсімдеген адамды сан соқтырып кеткендерді ұстау оңай емес. Өйткені, «алаяқтарға көмектесіп отырмын» деген ойда болғандар өз еркімен несие алған болып табылады. Сондықтан, полицейлер бейтаныс адамдардың ондай қоңырауларына жауап бермей керектігін айтады. Сонымен қатар, қандай жағдай болмасын адам өзінің жеке басын куәландыратын құжатындағы және банк картасындағы нөмірлерді ешкімге айтпауы керек. бұл оның дербес дерегі болып табылады.

Полицейлер әккі алаяқтардың құрығына орта бастан асқандар мен зейнеткерлердің ілінетінін айтады. Өйткені, ІТ саласын жақсы меңгерген жастарға қарағанда олардың сеніміне кіру әдеқайда жеңіл. Егер де сізге қоңырау шалған бейтаныс адам осындай мазмұнда әңгіме айта бастаса мұндайда тез арада әңгімелесуді тоқтатыңыз. Немесе тұтқаның арғы жағындағы адамды жеке кездесуге шақырыңыз. Өйткені, алаяқтардың көпшілігі жүзде-жүз жолығып, әңгімелесуден қашқақтайды.

Қазір «10 күн ішінде ақшаңызды бірнеше есеге көбейтіп береміз» деген сыңды ақпараттарға да сенбеңіз. Қаржыңыздың жылдам өсуі үшін олар сізге қомақты инвестициялар салу керектігін де айтып, қызықтырып қояды. Мұндай да алаяқтарға сену қиын. Олар өз парақшаларын пікір қалдырмайтындай етіп қояды. Өйткені, басын тасқа соққа адамдардың «бұған сеңбеңіз, бұлар алаяқтар» деген комментарийлерінен қорқады.

Өңір полицейлері алаяқтармен күрес жұмыстарын барынша күшейтуде. Қазіргі ақпарат технологияның өмірімізді жеңілдеткенімен, ғаламтордағы алаяқтық әрекеттердің белең алуына түрткі болып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты Жолдауында:

— Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн, — деген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сөзі алаяқтық жайлы мәселеге бей-жай қарауға болмайтынын аңғартса керек.

Түркістан облыстық полиция департаментінің статистикалшық деректеріне сүйенсек, жыл басынан бүгінге дейін өңірімізде интернет-алаяқтық бойынша 311 (2022 жылы — 321) іс тіркелді. Оның 118–і (2022 жылы — 152) – сотқа жолданды. 129 –ы (2022 жылы — 159) ашылмай қалып тұр. Ашылу пайызы 47,7-і (2022 жылы 48%) құрады.

Алаяқтармен күрес жұмыстарын тыңғылықты жүргізу мақсатында облыстық полиция департаменті жанынан «CyberPol» соққы-нысаналы тобы құрылып, оның құрамына 6 жедел уәкіл, 3 тергеуші, 1 криминалист және 1 ІТ-маман кірді. «CyberPol» соққы-нысаналы тобының басты мақсаттарының бірі — халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру. Соның нәтижесінде, алаяқтық қылмыс жасаған азаматтар анықталуда.

Айталық, жақында ғана «Қайтарымсыз несие алып беремін» деп жарты жыл бойы алдап келген алаяқ ұсталды. Оқиға жайлы толығырақ айта кетейік, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Ол арызында сырттай таныс ер адам «мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін» деп қызметі үшін 300.000 теңге ақшасын алып,  жарты жыл бойы алдап келгенін жеткізген.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекен-жайынан анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК-нің  190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам алған ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, елімізде қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағында ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы алаяқтық жасаған қылмыскер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Немесе оған айыппұл (4 мың АЕК) салынады. Қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Cyberpol» соққы-нысаналы тобының тиіміділігін арттыру мақсатында арнайы жұмыс орны (кабинет), тиісті компьютерлік техника, ақпараттық мамандандырылған бағдарламалармен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, қылмыстарды ашу барысында арнайы жедел-тергеу тобы ІІМ-мен ұсынылған ақпараттық-аналитикалық бағдарламаларды пайдалануда.

Интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алудың басты шешімдерінің бірі – ол профилактикалық іс-шаралар, сондықтан «Cyberpol» қызметкерлерінің бастамасымен халық арасындағы үлкен назарға ие тұлғалар, яғни блогер және актерлардың қатысуымен ескертпе бейне-роликтері жарыққа шығуда. Халық көп шоғырланатын орындарда, сауда-орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кинотеатрларда және базарларда ескертпе-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай әлеуметтік желілері арқылы да профилактикалық іс-шаралар қарқынды түрде өткізілуде.

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша дін басқармасы әр аптаның жұма күндері мешіт және медреселерде, ал Мәдениет және туризм басқармасымен бірге әрбір мәдени іс-шаралардың барысында «Интернет-алаяқтарынан сақ болыңыздар!» атты тақырыпта ескертпе шараларын өткізу жөнінде келісімге қол қойған.

Previous Post

Ветеринария қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі артпақ

Next Post

Жоқ пәтерді жалға беруші алаяқтар аз емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz