gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жоқ пәтерді жалға беруші алаяқтар аз емес

30 октября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Миллионер болмасаңыз, сізге 1 000 000 теңгені мен беремін»
Share on FacebookShare on Twitter

Жоқ пәтерді жалға беруші алаяқтар азаймай тұр. Мұндай алаяқтардың жұмыс істеу схемалары өте қарапайым. Олар көбіне танымал сайттарды пайдаланып, пәтерлерді жалға береміз деген сыңды жарнамалар жасап, пәтерлердің құнын басқаларға қарағанда әлдеқайда арзандатып қояды. Содан кейін оған қызығушылар да көбейеді. Тұтынушыларымен телефон арқылы байланысып, келіссөз жүргізіп, олардың сеніміне кіріп, алдын ала төлем жасауға көндіреді. Жәбірленушілер өздері әлі көріп үлгермеген пәтер ақысын аударған соң, ұялы телефондарының нөмірін ауыстырып тастайды…

Жақында ғана Астанада осындай жағдай орын алды. Және өзінің жоқ пәтерлерін жалға беріп, пайдаға кенелуді мақсат еткен алаяқ қолға түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 28 жастағы Астана тұрғынын анықтады. Оның азаматтарды алдау бойынша 6 фактіге қатыстылығы белгілі болды. Ол жылжымайтын мүлік сайтында жалға берілетін жылжымайтын мүлік туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Пәтердің интерьерінің түрлі-түсті фотосуреттерін көрсетіп, тұрғын үйді арзан бағамен жалға берем деп адамдарды үміттендіріп, пәтер жалдауға хабарласқандармен мессенджер немесе телефон арқылы үзіліссіз үгіттеу сөздерін жүргізген. Сөйтіп оңай жолмен келген олжасын онлайн аударымдар арқылы алып отырған. Мәселен осы жағдай бойынша 58 жастағы Астана тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, пәтер жалдауға бел буып, бейтаныс адамға 10 мың теңге беріп, пәтерді брондатқан фактісі де тіркелген. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр. Алаяққа қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы таңдалды.

Түркістан облысында да «пәтер кезегін жылжытып беремін» я болмаса «үй алып беремін» деп тұрғындарды алдап, өз құрығына түсіруды мақсат ететін алаяқтар кездеседі. Айталық, таяуда Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, «тұрғын үй кезегін жылжытып, үй алып беремін» деп алдын ала 450.000 теңгесін жымқырып кеткен.

Арадан біршама уақыт өтседе ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Өзінің сан соғып қалғанын түсінген тұрғын, полицияның көмегіне жүгінген.Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.Полицейлер болған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті әйел адам анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру барысында күдікті әйелдің алаяқтықтың 4 жайтына қатысы бары анықталды.Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтып, қызметі үшін 300.000 теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден топ құрылды. Нәтижесінде күдікті анықталды, ол жұмыссыз жүрген тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Әрине, алаяқтық әрекет жасағандар қылмыскер болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) 190-бабының 1-бөлігінде «алаяқтық» деген сөзге мынадай түсінік берілген. «Бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық -алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады».

Аталған бап 4 бөліктен тұрады. Егерде алаяқтық жасаған  адам жай алақтық жасаған болса, яғни  ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаса 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, егер де адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдаса немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасаса онда оған аталған баптың 2-бөлігіне сай 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Алаяқтықтың ауыр түрлері осы баптың 3-4-бөліктерінде көрсетілген.

Ескере кеткен жөн алаяқтың  ірі мөлшерде, яғни 1 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аса жасалса, алаяқтықты мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса немесе  алаяқтық бірнеше рет жасалған жағдайда  аталған баптың 3-бөлігінде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Қылмыстық топ жасаған немесе  аса iрi мөлшерде, яғни айлық есептік көрсеткіштің 4000 есе мөлшернінен  асатын алаяқтық  жасалса, ол үшін сол баптың 4-бөлігінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Айта кетейік, алаяқтық жасаған адамға қосымша жазаретінде мүлкін тәркілеу қолданылады.

Бүгінде құқық қорғау органдарында алаяқтық әрекеттермен тыңғылықты күресу үшін «Cyberpol» арнайы тобы құрылған болатын. Қазіргі таңда аталған топ мүшелері алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында бірқатар шараларды атқаруда. Мәселен, жақында Түркістан облысының полицейлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтар, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында республикалық «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Өңір полицейлері «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде бұрын тіркелген 14 қылмыстық іс ашылғанын айтады. Сондай-ақ, шұғыл іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 10 факт интернет-алаяқтық қылмысын жасап, жасырынып жүрген тұрғын анықталды.

Есіңізде болсын, ешқашан және ешкімге жеке деректеріңізді, банк картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV кодты (банк картасының артқы жағындағы үш санды, картаның түпнұсқалығын тексеру кодын), құпия сөзді және ақша қалдығын, жасалған операцияны растау үшін SMS-кодты: төлемді, аударымды және т.б. айтпаңыз.

Previous Post

Жәбірленушіні жарты жыл алдап келген...

Next Post

Әлеуметтік сауалнамаларға жауап берерде өзіңіздің жеке деректеріңізге абай болыңыз...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz