gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлеуметтік сауалнамаларға жауап берерде өзіңіздің жеке деректеріңізге абай болыңыз…

30 октября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Әлеуметтік сауалнамаларға жауап берерде өзіңіздің жеке деректеріңізге абай болыңыз…
Share on FacebookShare on Twitter

Электронды ақша аударымы қоғамымызға дендеп енді. Төлемді аударым жасау арқылы өтегеннің ыңғайлы екеніне бәріміздің күн сайын көзіміз жетіп келеді. Дегенмен, бұл алаяқтар үшін мол табысқа кенелудің ең тиімді тәсілі болып тұр. Олар көбіне ақпараттық технологияны жіті біле бермейтін, смартфонның сырын ұқпайтын зейнет жасындағыларды құрығына түсіріп, олардың есепшоттарындағы ақшаларын әп-сәтте қолды ете бастады. Айталық, егде жастағы ақсақалға оның немересінің атынан қоңырау шалып, бір мәселеге тап болып қалғанын айтып, тез арада әлдебір нөмірге ақша аудару керектігін жеткізеді. Қариялар мәселенің байыбына барып жатпай, әлгі алаяқтың сөзіне сеніп, «не де болса, балам қиындықтан шықса болды» деген оймен ақшаны ойланбастан аудара салады.

Қазір «әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатырмыз» деп қоңырау шалып, алдайтын алаяқтар да аз емес. Құқық қорғаушылар сауалнамадағы сұрақтардың аса күрделі болмайтынын айтады. Мәселен, «сіз ұнататын автокөлік маркасы», «қандай киім брендін ұнатасыз?» деген сыңды көп ойланбай жауап беретін сұрақтарды қояды. Содан кейін Сізді сауалнамаға қатысқаныңыз үшін арнайы сыйақымен марапатталғаныңызды мәлімдеп, құттықтайды. Әрине, ол сомманы алуыңыз үшін банкке алдын ала комиссиялық төлемді төлеп, белгілі бір нөмірге шекті жіберуіңіз керектігін ескертеді. Егер де осылай еткен болсаңыз, онда алаяқтарға жем болдым дей беріңіз. Мұндай жағдайда сіз транзакцияның күшін жоя алмайсыз. Өйткені, алаяқтар біздің елімізден ғана емес, шетелдерден де шығып тұрған болуы мүмкін.

Тағы бір мәсал келтіре кетейік, сізге белгілі бір қоғамдық ұйымның қызметкері болып хабарласып, нарық бағасынан әлдеқайда арзан бағада үй немесе көлік сатып алуға болатынын жеткізеді. Және ол үшін белгілі бір шотқа ақша аудару керектігін айтады. Егер де қайырымдылыққа алдын ала ақша аударып, нарықтан арзан бағада үй немесе көлік алуға ниеттенген болсаңыз онда алаяқтарға ақша аударғаныңызды біліңіз. Құқық қорғаушылар оларды әшкерелеу оңай емес екенін айтады. өйткені, мұндай қайырымдылық қорда жұм ыс істейтін адамдар  заңды түрде жұмыс жасайтын қайырымдылық ұйымының атын жамылып, өздерін шетелдік инвестициялық компанияның өкілі деп таныстырады. Ал, ақша аударуға келгенде адамдарға алаяқтық шотын береді.

Айталық, жақында Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші қыздың айтуынша, белгісіз біреу «В контакте» әлеуметтік желісі арқылы 200.000 теңге қаражатын сеніміне кіріп, жымқырып кеткен. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірбиелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам «төмен пайызбен ақша аударып беремін» деп жалған жарнама жасаған. Яғни, жәбірленуші қыз жарнамада көрсетілген нөмірге хабарласып, мобильды қосымшасы арқылы ақша аударым жасауға келісетінін айтқан. Сол кезде күдікті арам ойын жүзеге асырып, түскен ақшаны өз есеп шотына аударып алған. Бүгінде кінәсін мойындаған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осындай жағдайға тап болмауыңыз үшін алдымен өзіңіздің дербес деректеріңізге сақ болыңыз. Ұялы телефон арқылы байланыс орнатқаноператорға ешуақытта өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттағы және бакн картаңғыздағы нөмірлерді айтпаңыз. Сосын мобильді қосымшаларда сенімді құпия сөзді пайдаланыңыз және оны қауіпсіз байланыс арнасы арқылы жіберуді ұмытпаңыз. Сонымен қатар, құпия сөздерді үнемі өзгертіп отырыңыз, туған күніңізді немесе атыңызды PIN-код немесе құпия сөз ретінде пайдаланбағаныңыз дұрыс. Дербес компьютерде құпия сөзді автоматты түрде толтыру немесе есте сақтау параметрлерін өшіріңіз, сондай-ақ деректерді жалпыға ортақ компьютерлерде сақтамауға тырысыңыз. Сосын электрондық поштаңызды да қорғауды үйреніңіз. Мәселен, компьютерден алшақ кетуіңіз қажет болса, жүйеден шығыңыз. Құрылғыңызды қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмаңыз.

Тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін электрондық аударымдарды пайдаланбаңыз. Қолма-қол ақшамен жасалған төлемдер сияқты электрондық аударымдарды даулау немесе қайтару барынша қиынға түседі. Егер сіз тауарды интернет арқылы сатып алған болсаңыз, төлемді кредиттік немесе дебеттік картамен жасауға тырысыңыз.

Егер де жоғарыда айтылған жағдайларға тап болсаңыз,бірінші кезекте аударым жасайтын банкіңізге немесе компанияңызға дереу хабарласуыңыз қажет. Оларға бұл оқиға туралы айтып, ақша қаражатымен жасалатын транзакцияны тоқтату мүмкіндігі туралы нақтылап біліңіз. Бұзылған шоттарды міндетті түрде бұғаттаңыз, құпиясөздердің барлығын, оның ішінде әлеуметтік желілердегі есептік жазбалардың құпиясөздерін ауыстырыңыз. Және өзіңіз тұратын жерге қарасты полиция пункіне хабарласыңыз.

Previous Post

Жоқ пәтерді жалға беруші алаяқтар аз емес

Next Post

Түркістандық пара спортшылар Азия ойындарында 4 медаль олжалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz