gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Интернет алаяқтар жалған сайттарда өз мүліктерін арзан бағада сатады

31 октября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқырған азаматша бас бостандығын айырылды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ішкі істер министрлігі ауыспалы абоненттік нөмірлерді заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткенін хабарлаған болатын. Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, олар азаматтардың ұялы телефондарына қоңырау шалып, өздерін банктің немесе полицияның өкілдеріміз деп таныстырып, банк карталарынан аударым жасаған. Бұл үшін алаяқтарға пластикалық картасының деректері, яғни картаның нөмірі мен  артқы жағында көрсетілген CVV коды қажет. Осындай деректер болған жағдайда алаяқтар карточкалық шоттан немесе депозиттен рұқсатсыз ақша аудара алады.

Сонымен қатар, кейбір алаяқтар осындай мәліметтерге қол жеткізе алмаған жағдайда азаматтарды өздерінің түрлі айла-тәсілдері арқылы  ақшаларын депозиттерден алуға және оларды «сақтандыру шотына»салуға көндіріп отырған. Азаматтардың өз мүлкін кепілге қойған немесе сатқан фактілері де тіркелген. Түскен ақша алаяқтар көрсеткен шоттарға ерікті түрде аударылған.

ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарды барынша қырағы болуға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Айталық, ешкімге өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға және т. б. бермеу керектігін ескертеді.

Алаяқтар көбіне өз мүліктерін арзан бағада сататындықтарын айтып, алдауға тырысады. Тәртіп сақшылары интернет-дүкендерде немесе жарнама сайттарында тауарларды сату туралы жарнамаларды орналастырумен байланысты алаяқтық қылмыстардың да түрі кең таралып жатқанын айтады. Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын сатылатын мүліктің немесе ұсынылатын қызметтің төмен бағасымен, жеделдігімен, төмен сатып алу бағасымен, қалдықтарды сату секілді жолдармен қызықтырады. Сатып алушылардан электронды әмиянға немесе банк картасына ақша аудару арқылы алдын-ала төлем немесе толық төлем жасауды сұрайды.Бірнеше күн ішінде «сатушы» тауарларды тез жеткізуге уәде береді, содан кейін із-түссіз жоғалады. Мұндай алаяқтық жасаған кезде электрондық төлем жүйелері, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ресімделген банктік төлем карталары қолданылады.

Есіңізде болсын, жалған сатып алушылар тауарларды, автокөліктерді және т.б. сатып алу сылтауымен орналастырылған хабарландырулар бойынша қоңыраулар жасайды. Аудару үшін пластикалық картаның нөмірін хабарлау ұсынылады. Біраз уақыттан кейін олар жәбірленушіге тағы да қоңырау шалып, телефонға SMS-хабарлама түрінде келген кодты хабарлауды сұрайды, бұл ақша аудару үшін қажет. Немесе азаматты ең жақын банкоматқа барып, олар жазатын картамен әрекет етуді өтінеді. Шын мәнінде, код алаяқтарға интернет-банкингті қосу, яғни шотты басқару үшін қажет.

Алаяқтар төмен бағаны көрсете отырып, пәтерді, автокөлікті сату туралы хабарландыру орналастырады. Әдетте сатып алушы көрсетілген абоненттік нөмірге хабарласа алмайды (немесе хабарламада мессенджердің байланыс нөмірі көрсетіледі). Хат алмасу барысында алаяқ басқа қалада немесе шетелде екенін түсіндіреді. Ақшаның болуына кепілдік ретінде өзіне немесе туысына халықаралық төлем жүйесінде (Unistream, Western Union және т.б.) шот ашуды және онда келісілген соманы аударуды сұрайды. Шот иесінің білместен ешкім ақша ала алмайтынына сенімді бола отырып, сенімді сатып алушылар ақша аударады және чектің суретін алаяқтыққа жібереді. Қылмыскер төлем нөмірін алғаннан кейін шот иесінің атынан жалған құжаттар арқылы ақша алған.

Интернет алаяқтар жалған сайттар жасайды. Олар жалған интернет-дүкен немесе белгілі сайттардың аналогын жасайды, онда тауар немесе қызмет үшін төлем әдістері көрсетіледі. Сайттың сенімді екенін анықтау өте қиын. Қызығушылық танытатын өнімді таңдау үшін сатып алушы дүкенге «іс жүзінде» кіреді және, әрине, көрсетілген өнімнің бар-жоғы, сондай-ақ мәлімделген сипаттамалар мен фотосуреттердің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіні белгісіз. Интернет арқылы тауарларды сатып алғанда, көбінесе толық немесе ішінара алдын-ала төлем жасалады. Барлық аталған ақша дүкен иесінің шотына түседі, ол алдын-ала төлем алғаннан кейін тауарды жібермеуі немесе сапасыз немесе басқа түрін жібермеуі мүмкін.Бұдан басқа, интернет-ресурстар анонимизация қызметтерін ұсынатын шетелдік сайттардың көмегімен тіркелуі мүмкін, бұл кейбір жағдайларда алаяқтар туралы шынайы мәліметтер алуды қиындатады.

Кейбір алаяқтар қайырымдылық жасайтынын айтып, азаматтардың ақшасын иемденуге тырысады. Бұл туралы да толығырақ айта кетейік. Мәселен, әлеуметтік желілер арқылы интернетте ақша жинауды жүзеге асыратын мұқтаж немесе ауыр науқастардың туыстары алаяқтардың қолынан зардап шегеді. Осы жағдайды пайдаланып, алаяқтар «еріктілердің» атынан жәбірленушілердің хабарлауы бойынша жиналған ақшалай көмек ұсынады.Ақшалай қаражатты аудару үшін оларға карточкалық шоттардың деректемелерін беруді немесе дербес деректерді және шоттардың деректемелерін көрсету қажет болатын сауалнаманы толтыруды сұрайды. Қажетті ақпаратты алғаннан кейін алаяқтар карта шоттарын босатады.Кейіннен онлайн-кредиттерді ресімдей отырып, дербес деректерді иеленеді.

Сосын әлеуметтік желілерде табысты бизнеске кепілдендірілген инвестиция туралы хабарландырулар жасайтын, жоғары айлық ұсынатын алаяқтар азаматтардан ақшаны Qiwi әмиянына немесе басқа төлем жүйесіне аударуды сұрайды. Басқа құрбандарды сендіру және тарту үшін алдымен аз мөлшерде төлем жасайды. Бұл алғашқы төлемдер алаяқтықтың басқа құрбандары есебінен жасалады. Үлкен сома жинақталғаннан кейін алаяқ төлемді тоқтатады.

Жақында елімізде әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жасаған күдікті құрықталды. Ұсталған 34 жастағы ер адам әзірге алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді. Ер адам қылмыстық мақсатта құрылыс материалдары мен түрлі дәнді дақылдарды сатып алу, сатуды жүзеге асыратын түрлі қосымшаларды қолданғаны анықталды. Яғни түрлі келіссөз барысында ол сатып алушы, делдал және сатушы ретінде әрекет етті. Бес дерек бойынша жалпы шығын 2 млн теңгеден асты. Тергеу барысында ұсталған адамның алаяқтыққа байланысты басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Жасыраныты жоқ, қазіргі таңда елімізде тіркелген қылмыстардың денін осы алаяқтық қылмыстар құрауда. Соның ішінде интернет алаяқтығы бойынша тіркелгені көп. Сондықтан да еліміздің барлық өңірінде интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу бойынша түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.  Айталық, таяуды Түркістан облысының полицейлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтар, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында республикалық «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Жалпы бұл бағытта облыстың тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған «Cyberpol» арнайы тобы қарқынды жұмыс көрсеткішін көрсетуде. Нақты мысалдар келтіре кетейік, «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде бұрын тіркелген 14 қылмыстық іс ашылды. Сонымен қатар, шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 10 факт интернет-алаяқтық қылмысын жасап, жасырынып жүрген тұрғын анықталды.

Солардың бір-екеуіне тоқтала кетейік. Күдікті жас жігіт әлеуметтік желілерге «вахталық жұмысқа тұрғызып беремін» деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған. Күдікті азаматтың қылмыстық әрекеттерінен жәбірленушілерге 1 200 000 теңгеге жуық материалдық шығын келген.Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласынан өңірімізге жеткізілген күдіктінің бұрын дәл осындай алаяқтық жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.

Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері оңтүстік өңірдің тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтықтарды ашты. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдырып, “InDriver” қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беру сылтауымен алдау арқылы жүргізушілердің жеке деректерін – жеке куәліктерін, тексеру үшін фотосуреттерді, сондай-ақ банк шоттарының деректемелерін алған. Содан кейін күдікті жәбірленушілердің атынан микрокредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеген. Қазіргі уақытта оның осындай тоғыз фактіге қатысы бары белгілі болды.

Облыс полицейлерімен тағы бір алаяқ ұсталды. Ол өзін спутниктік теледидар қызметкері ретінде таныстыра отырып, азаматтардың жеке деректерін алып, микрокредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеді. Алаяқ осындай 30-дан астам фактілерге қатысты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Ақпараттық технологияларды өміріміздің барлық аспектілеріне кеңінен енгізу киберқылмыстың, әсіресе интернеттегі алаяқтықтың өсуіне әсер етті. Жыл басынан бері осындай 1,5 мың қылмыс тіркелген. Мұндай қылмыстарға қарсы ҚР Ішкі істер министрлігі бірқатар шаралар қабылдауда. Мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке сектормен өзара іс-қимыл күшейтілді.

Сонымен қатар, биометрия және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы онлайн-кредиттерді ресімдеу жұмысы да күрделендірілді. Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу бойынша қосымша шаралар іске асырылуда. Ауыстырылатын нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтықтардың жолын кесу үшін ҚР Цифлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдерімен, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларымен бірқатар кездесулер өткізілді. Байланыс операторлары қазақстандық абонентке қоңырау түсу кезінде ауыспалы нөмірлерді анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік беретін антифрод-жүйелерді интеграциялау бойынша техникалық жұмыстар жүргізді.

Соның нәтижесінде Қазақстан аумағында киберқылмысқа қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Аnti-Fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операция барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған 150-ден астам қылмыс, оның ішінде 130-дан астам интернет-алаяқтық анықталды. Сонымен қатар бұрын жасалған 300-ге жуық қылмыс ашылды. Еліміздің бірқатар қалаларында азаматтардан ұрланған ақшаны қолма-қол қаражатқа айналдырумен айналысқан алты топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты. Олар банктік карталарды іздеумен және рәсімдеумен, сондай-ақ алаяқтық схемаларды ұйымдастырушыларға ақша аударумен айналысты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары украиналық әріптестерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, желтоқсан айында Украинаның Днепропетровск облысында банк қызметкерлерінің атын жамылып, қазақстандық азаматтарды алдаумен айналысқан Call-орталықты таратты. Украинаның 32 азаматы ұсталды.

Сондықтан, полицейлер азаматтарға өздерінің дербес деректерін бөгде адамдарға бермеу керектігін ескертеді. Айта кетейік, егер де сіз алаяқтардың құрбаны болғаныңызды түсінсеңіз, ең алдымен банкке немесе микрокредит ұйымына хабарласыңыз. Қолма-қол ақшаның айналымына байланысты барлық карталарды, шоттарды және операцияларды бұғаттауға тырысыңыз. Алаяқтармен барлық хат-хабарларды, сондай-ақ қылмыстың ашылуына ықпал ететін ақпаратты сақтаңыз. Тұрғылықты жеріңіз бойынша дереу полиция бөліміне хабарласыңыз.

Реті келгенде айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бүгінге дейін өңірімізде интернет-алаяқтық бойынша 311 (2022 жылы — 321) іс тіркелді. Оның 118–і (2022 жылы — 152) – сотқа жолданды. 129 –ы (2022 жылы — 159) ашылмай қалып тұр. Ашылу пайызы 47,7-і (2022 жылы 48%) құрады.

Алаяқтармен күрес жұмыстарын тыңғылықты жүргізу мақсатында облыстық полиция департаменті жанынан «CyberPol» соққы-нысаналы тобы құрылып, оның құрамына 6 жедел уәкіл, 3 тергеуші, 1 криминалист және 1 ІТ-маман кірді. «CyberPol» соққы-нысаналы тобының басты мақсаттарының бірі — халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру. Орын алған интернет-алаяқтық қылмысын жедел түрде ашып, қылмыскерді Заңды жауапқа тарту болып табылады.

Айта кетейік, елімізде қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағында ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы алаяқтық жасаған қылмыскер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Немесе оған айыппұл (4 мың АЕК) салынады. Қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Previous Post

Кентауда Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш тақта қойылды

Next Post

Лайк басып қомақты ақша алуға үгіттейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz