gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Лайк басып қомақты ақша алуға үгіттейді

31 октября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Алаяқтық қылмыстармен қарсы күресті күшейтудің жолдары айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазір алаяқтардың барлығы интернет арқылы көздеген мақсаттарына жетуді ойлайды. Олардың құрығына зейнеткерлер ғана емес, студент жастар да түсіп қалуда. Өйткені, олар өз жарнамаларын әлеуметтік желілерде белсенді түрде жүргізеді. Мәселен, студенттерді сабақтан тыс уақытта қосымша жұмыс істеп, табыс табуға шақырады. Жұмыстары да қиын емес, бар болғаны интенеттегі белгілі бір әлеуметік парақшаларға лайк басып, пікір қалдыру ғана. Бұл негізінен жәбірленушіні қақпанға түсіру ғана. Әйтпесе, жұмыс ұсынған алаяқтардың көздегені бұл емес. Алғашқыда олар әр лайк үшін ақша төлейді. Кейіннен топ әкімшісі ақшаны бірнеше есеге көбейтуге болатынын айтады. Ол үшін басқа тапсырма береді. Жастарды қызықтырып, ақшаларын бірнеше есеге көбейтіп, алғашқыда еңбекақыларын өз уақытында беріп отырады. Осылай әбден сенімге кіргеннен кейін жастардың дербес деректеріне қол жеткізіп, сан соқтырып кету оларға қиынға соқпайды.

Құқық қорғаушылар алаяқтар қолданатын әлеуметтік желілер арасында инстаграмм мен Telegram мессенджері алдыңғы қатарға шыққанын айтады. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, ақшалай көмек сұрайтын алаяқтар да көбейіп кетті.  Олар бұрындары елімізге есімі белгілі тұлғалардың аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан қаржылай көмек сұраса, қазір әлеуметтік желіде кез келген адамның жалған аккаунты жасап, сол арқылы оның ата-анасынан, бауырларынан, достарынан, жақын араласатын таныстарынан қайғылы жағдайға ұшырап отырғанын айтып, белгілі бір банк картасына ақша аударып, көмек беруін өтінеді.

Осындай интернет алаяқтарынан сақтану үшін мынадай кеңестерге құлақ түріңіз. Сіз интернет арқылы келген сілтемеге өткен кезде оның мекенжай жайына, жеңілдік жасап отырған ұйымның немесе компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аударыңыз. Жалпы әлеуметтік желідегі өз профиліңіздегі байланыс деректерін көпшілікке қолжетімді етпеңіз. Егер де мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) міндетті түрде көрсету керек болған жағдайда жұмыс телефоныңыздың нөмірін жазыңыз. Жеке телефон нөміріңізді тек жақын адамдарыңызға ұсыныңыз.

Сосын банк картаңыздың деректерін және оның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сонымен қатар, банктен келіп түсетін SMS-кодты бейтаныс жандарға айтушы болмаңыз. Айта кету керек, қазір барлық жерде интернетке қосылуға мүмкіндік қарастырылған. Тіпті, қоғамдық көлікте де. Дегенмен, «интернетке қол жеткізуге болады» екен деп кез келген Wi-Fi-нүктелеріне сене бермеңіз. Егер де бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындасаңыз онда Сіз әп-сәтте интернет-алаяқтардың құрбанына айналып шыға келесіз.

Айта кетейік, Түркістан облыстық полиция департаментінің статистикалшық деректеріне сүйенсек, жыл басынан бүгінге дейін өңірімізде интернет-алаяқтық бойынша 311 (2022 жылы — 321) іс тіркелді. Оның 118–і (2022 жылы — 152) – сотқа жолданды. 129 –ы (2022 жылы — 159) ашылмай қалып тұр. Ашылу пайызы 47,7-і (2022 жылы 48%) құрады.

Құқық қорғаушылар тұрғындарға интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін алға тартады. Мәселен, паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз. Банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ, ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге банк қызметкері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет. Жарнамадағы ақпаратты мұқият және толық оқып шығыңыз. Кез келген ұсыныстарға сын көзбен қараңыз. Тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеңіз. Белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз. Күмәнді шарттар мен мәмілелер жасамаңыз. Банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеңіз. Өз құжаттарыңыздың, мәселен жекекуәлігіңіздің, банк картасының фотосуреттерін ешкімге жолдамаңыз. Осы айтылған құжаттар алаяқтардың қолына түссе, ол микрокредиттік қаржы ұйымдарынан немесе банктерден сіздің атыңызға несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Әрдайым есіңізде сақтаңыз егер де сізге банк қызметкері ретінде хабарласып, несие рәсімдеуге нұсқаулар айтып, құпия сөзді сұраса, полиция қызметкері ретінде хабарласып, жеке мәліметтеріңізді сұраса, интернеттегі арзан тауарға, сатушы алдын ала төлем сұраса, интернетте ақша табу, ақшаңызды көбейтіп беремін деп, алдын ала ақша сұраса, ұтыс ойынының жеңімпазы болдыңыз деп, сыйлықты алу үшін алдын ала ақша сұраса, сіздің танысыңыз ретінде бөтен тұлға интернет арқылы қарызға ақша сұраса, интернет арқылы сатып жатқан тауарыңызды сатып аламын деп, сілтемеге карта деректерін енгізуді сұраса онда олар интернет алаяқтары.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмысты қорытындылау жиынында:

«Қылмыссыз қоғам құру жолында баршамыз бірлесіп жұмыс атқарудамыз. Осы ретте назарымызды бірінші кезекте ел Президенті мен ішкі істер министрі ден қойған жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауға, алаяқтық, мал ұрлығы, жол көлік оқиғаларын болдырмау, қару қолданумен болатын қылмыстарға жол бермеу бағытында профилактикалық шараларды атқаруды тапсырамын.Алдағы уақытта барлық полиция басқарма, бөлімдерінің жұмыстарын, ондағы кіші жедел басқару орталықтары мен бейнебақылау камераларын қадағалау, жол белгілерінің орнатылуын бақылап, жасөспірімдермен жиі кездесулердің өткізілуін қамтамасыз ету үшін арнайы топ құрылып, жұмыс жасайтынын ескертемін»-деді.

Нақты статистикалық деректерге сүйенсек, 2023 жылдың 9 айында Түркістан облысында орын алған қылмыс өткен жылға қарағанда 10,8 пайызға азайған. Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелімі 19,2 пайызға төмендеген. Патрульдік полиция, ювеналды және учаскелік полиция инспекторлары осы айдың соңына дейін жаңа кейіптегі смарт-жетондармен толық қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар облыс бойынша 907 мемлекеттік мектептің барлығы «дабыл түймелерімен» қамтамасыз етілді.

 

Previous Post

Интернет алаяқтар жалған сайттарда өз мүліктерін арзан бағада сатады

Next Post

«Пайызсыз несие алып беремін» деп сендірген...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz