gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Студенттерге алаяқтарға алданбаудың жолдары айтылды

3 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Студенттерге алаяқтарға алданбаудың жолдары айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамымызда зейнет жасындағы адамдармен қатар жастар алаяқтардың құрбаны болуда. Мұның себебін полицейлер жастардың көп уақыттарын виртуалды әлемде өткізетіндігінен екенін айтады. Олар өз құрбыларымен көбіне интернет, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы байланысады және осы арқылы ақпарат алады. Сондықтан да олар онда жарияланған ақпараттарға сөзсіз сенеді. Мұны зиянкестер шебер пайдаланады.Мұның алдын алу үшін жастарға алаяқтық әрекеттер түрлері туралы жиі айтып, ескертіп отыру керек.

Түркістан облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруыменосы мақсатта Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық Туризм және меймандостық униеврситетінде «Интернет алаяқтықтың алдын алу жолдары» атты тақырыпта студенттермен кездесу өткізілді.

Айта кетейік, ақпараттық технология өмірімізді біршама жеңілдеткенімен, ғаламтордағы алаяқтық әрекеттердің белең алуына түрткі болып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты Жолдауында былай деген болатын:

«Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының осылайша құқық қорғау органдарына қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына бей-жай қарауға болмайтынын ескертіп, нақты шараларды әзірлеуді тапсырған болатын.

Қазіргі таңда елімізде тіркелген қылмыстардың денін алаяқтық қылмыстар құрауда. Соның ішінде интернет-алаяқтығы көп.

Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда.Интернет алаяқтықтың тым көбейіп кетуі қоғамдық резонанс тудырып отырғаны да белгілі. Қазақстанда бұл қылмыс түрінің ең көп таралған тәсілдерінің бірі – интернеттегі түрлі хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Бүгінде интернет алаяқтықтардың жартысы дәл осындай жолмен жасалған. Жиында полиция қызметкерлері осындай ескертулер мен қатар студент жастарға алаяқтық туралы фильм көрсетіп, олармен пікір алмасты. Сонымен қатар, полицейлер интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын айтып, оларға күдікті қоңырау мен хабарламалар алғанда бірден банкке хабарласуға кеңес берді. Егер де сізге белгісіз біреулер хабарласып, қандай да бір банктің атын атап банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәліметтерді сұраса, ең алдымен сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған артықтық етпейді.

— Алаяқтар азаматтарды алдаудың неше түрін ойлап табуда. Олар жаңа әдісі ретінде әскери қызметке шақыруды қолдана бастады. Әлеуметтік желілер арқылы сізді әскери қызметке шақырып жатқанын ескертіп, «бұл туралы сілтемені басу арқылы толығырақ білуге болады» деген сыңайлы хабарламалар жібереді. Мұны оқыған жастар әлгі көрсетілген сілтемеге өтіп, алаяқтарға өздерінің гаджеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, телефон алаяқтары жастарға немесе олардың туыстарына қоңырау шалып, әсер етудің психологиялық әдістерін қолдана отырып, әскери қызметті кейінге қалдыру секілді себеппен белгілі бір соманы ала алады. Сондықтан, алаяқтардың гаджеттеріңізге қол жеткізуіне жол бермеңіздер, —  деді құқық қорғаушылар.

Полицейлердің мәлімдеуінше, гаджеттерге алаяқтық шабуылдар күн сайын жасалуда. Алаяқтар адамдардың есептік деректерін және телефондардан басқа да жеке ақпаратты ұрлауға маманданған зиянды трояндарды белсенді түрде таратқан. Сондықтан, әркез абай болу керек. Алаяқтар сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз екенін әркез есіңізде ұстаңыз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет, яғни жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сонымен қатар, олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуге талпынады. Өйткені, сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие бола алады.

Әлеуметтік инженерия мен фишингті қолдана отырып, алаяқтар гаджеттерге, атап айтқанда ұялы телефонға қашықтан қол жеткізу және осылайша құпия ақпаратты ұрлау мақсатында конфиденциалды деректерді білуге тырысады.Жиын барысында полицейлер орайы келгенде гаджеттерді  кибершабуылдардан қалай қорғауға болатыны жайлы да айтып өтті.

Әрине, ешкім де маңызды қаржылық ақпаратты алаяқтарға өз еркімен бергісі келмейді. Онда қаскөйлер түрлі бағдарламалық қамтылымдарды (БҚ) пайдаланады. Мысалы, трояндарды іске қосады, трояндар — рұқсат берілген БҚ түрінде бүркемеленген зиянкес бағдарлама. Олар пайдаланушылардың жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізуге көмектеседі және қажетті қаражатты ұрлайды. Көп жағдайда трояндар мобильді қосымшалар мен мессенджерлерге шабуыл жасайды, себебі адамдар үнемі өз телефонын банктік қосымшалар орнатылған, парольдер мен басқа да маңызды ақпараттар сақталатын сенімді құрылғы ретінде қолданады. Сонда-ақ, шабуылдар кезінде электрондық хаттар, SMS немесе push — хабарламандыру қолданылады.

Мұндай шабуылдардан қорғану үшін тексерілген вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану қажет. Оларды қолданатын барлық құрылғыларға орнатып алған дұрыс. Және жиі-жиі жаңартып отыру керек. Себебі алаяқтар үнемі БҚ мен қосымшалардағы кемшіліктер мен осалдықтарды іздейді.

Электронды пошталарға келетін сілтемелерге назар аударған жөн. Егер де домен күдік туғызатын болса, сілтемені ашпау керек. Бұл жерде бұзып кіру қауіпі бар. Спамдарды бұғаттап, оны корзинаға жөнелту қажет. Операциялық жүйені жаңартып барлық қосымшаларға, пошта жәшіктеріне, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға сенімді және әртүрлі құпия сөздерді орнатқан ләзім. Қосымшалардың және басқа да маңызды сервистердің парольдерін/кіру кодтарын телефонда сақтамау керек.

— Құрылғының жадында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілтін сақтамаңыз. Құрылғылардың жадында банк карталарының фотосуреттерін, сондай-ақ парольдің жазылуы мен дербес/құпия деректердің ұрлануына әкелуі мүмкін басқа да ақпаратты бейнелейтін фотосуреттерді сақтамаңыз және мессенджерлерде жібермеңіз.Тексерілген ақпарат көздеріне ғана сену ләзім. Мәселен, Айфон иелері қосымшаларды AppStore-ден ғана, ал Android базасындағы телефондар – Google Play-ден ала алады. Қосымшаны жүктемес бұрын пайдаланушылардың түсіндірмелерімен мұқият танысыңыз және әзірлеушілердің қосымшаны кезеңмен жаңартып отыруына (ресми дүкендерде міндетті тәртіппен соңғы жаңартулардың күні көрсетілген) көз жеткізіңіз. Уақыт өткен сайын орнатылған қосымшалардың тізімін тексеріңіз. Керек емесін, егер оларды жиі пайдаланбасаңыз, әсіресе, егер олар ресми дереккөздеріне болмаса және соңғы рет қашан жаңартылған белгісіз болса алып тастаңыз. Сіз құрылғынызды бұзу әрекетіне осылайша жол бермейсіз. Банк картасын қосымшалардың ақылы сервистарына байланыстырмаңыз, — дейді құқық қорғаушылар.

— Сіздер зиянды бағдарламалар ғана қауіп төндірмейтіндігін түсінуге тиіссіз. Алаяқтар сіздердің ақшаңызды алу және гаджетіңізді басқару үшін қашықтан қолжетімділіктің жария бағдарламаларын жиі пайдаланады. Осы бағдарламалардың көмегімен қылмыскерлер мыналарды: банктен келетін пароль мен кодтары бар SMS-ты оқи алады. Сіздердің мобильдік банктік қосымшаға кіре алады, сіздердің атыңыздан ақша аударады немесе кредит алады. Мұның бәрі, егер сіздер өзіңіздің мобильді телефонға «шпиондық» қосымшаны көшіріп алған болсаңыз іске асады. Сондықтан сіздерден түрлі себептер бойынша қандай да бір бағдарламаны немесе қосымшаны көшіріп алуды сұрайтын адамдарға сенудің қажеті жоқ. Мысалы, сіздерге телефонға банктің немесе өзге де қаржы ұйымдарының қызметкерлері болып қоңырау шалады және сіздердің шотыңызға алаяқтық шабуылдарға байланысты қосымшаны көшіріп алуды сұрайды, — дейді полицейлер.

Қазір бәріміз смартфон пайдаланамыз. Міне, сондықтан да интернет алаяқтық қоғамның өзекті де маңызды мәселесіне айналып отыр. Сондықтан  полицейлер адамдардың кез келген уақытта интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескертеді.

Previous Post

Дархан Сатыбалды әкімдерге инвестициялық ахуалды жақсартуды тапсырды

Next Post

Алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамауға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz