gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамауға алынды

4 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамауға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде оңай жолмен олжа табуды көздегендер қатары күн өткен сайын артып келеді. Олардың айла-тәсілдері де өзгеріп, түрлене түсуде. «Шотымдағы ақшадан қағылдым» деп өңірлердегі полиция департаменттерінің табалдырығын тоздырған жұрттың қарасы көп. Соған орай ҚР Ішкі істер министрлігі алаяқтық қылмыспен күресті барынша күшейтуге күш салуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты Жолдауында:

— Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн, — деген болатын.

Түркістан облыстық полиция департаментінің статистикалшық деректеріне сүйенсек, жыл басынан бүгінге дейін өңірімізде интернет-алаяқтық бойынша 311 (2022 жылы — 321) іс тіркелді. Оның 118–і (2022 жылы — 152) – сотқа жолданды. 129 –ы (2022 жылы — 159) ашылмай қалып тұр. Ашылу пайызы 47,7-і (2022 жылы 48%) құрады.

Алаяқтармен күрес жұмыстарын тыңғылықты жүргізу мақсатында облыстық полиция департаменті жанынан «CyberPol» соққы-нысаналы тобы құрылып, оның құрамына 6 жедел уәкіл, 3 тергеуші, 1 криминалист және 1 ІТ-маман кірді. «CyberPol» соққы-нысаналы тобының басты мақсаттарының бірі — халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру. Орын алған интернет-алаяқтық қылмысын жедел түрде ашып, қылмыскерді Заңды жауапқа тарту болып табылады.

    Жақында Созақ аудандық соты алаяқтық қылмыс жасаған сотталушыны сот залынан қаауға алды. Толығырақ айтатын болсақ, сотта Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі ҚК) 190 бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша  Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотта анықталғандай, сотталушы Н. жәбірленуші Г-ның телефонына хабарласып «сотталған ініңді бас бостандығынан айыру мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде шығарып бере аламын»деп, өзінің мүмкіндіктеріне кірмейтін жалған ақпарат айтып, 1 800 000 теңгесін жымқырған.Сотталушы тарап  жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды қайтармаған.Сот үкімімен сотталушы Н. ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Үкім заңды күшіне енбеген.

Қазіргі таңда кез келген адам өзінің қолындағы ұялы телефондағы мобильді қосымшалар арқылы банктердің қызметін пайдалана алады. Алаяқтар осыны пайдалана отырып, адамдардың қаражатын өздеріне аударып алып, иемденуде. Мұндай заңға қайшы әрекет ететіндер өкінішке қарай күннен күнге көбейе түсуде. Олардың тұрғындарды алдау жолындағы айла-шарғылары да әртүрлі. Соның бірі ретінде жоғарыда мысалға келтірген оқиғаны айтуға болады. Сонымен қатар, бүгінде алаяқтардың адамдарға ақшасының сақталуын қамтамасыз ету үшін шоттағы және депозиттегі ақшаларын сақтандырылатын шоттарға аударуды ұсынатын әдістері бар. Және сондай әрекет етуге оларды көндіреді. Көндіріп қана қоймайды, қолына ұстап көрмеген бірнеше несиені мойнына іліп кетеді.

Әрине, бүгінгідей нарықтық уақытта кез келгеннің қолында миллиондаған ақша жоқ. Сондықтан, алаяқтар көбіне зейнеткерлер мен жастарды айналшақтап жүретін көрінеді. Алаяқтардың тұзағына түсіп, полицияларға арызданғандар зейнет жасындағы қариялар деседі. Айта кетейік, елімізде қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағында ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы алаяқтық жасаған қылмыскер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Немесе оған айыппұл (4 мың АЕК) салынады. Қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі таңда алаяқтық қылмыстарды ашу барысында арнайы құрылған жедел-тергеу тобы ІІМ-мен ұсынылған ақпараттық-аналитикалық бағдарламаларды пайдалануда.Интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алудың басты шешімдерінің бірі – ол профилактикалық іс-шаралар, сондықтан «Cyberpol» қызметкерлерінің бастамасымен халық арасындағы үлкен назарға ие тұлғалар, яғни блогер және актерлардың қатысуымен ескертпе бейне-роликтері жарыққа шығуда. Халық көп шоғырланатын орындарда, сауда-орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кинотеатрларда және базарларда ескертпе-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай әлеуметтік желілері арқылы да профилактикалық іс-шаралар қарқынды түрде өткізілуде.

Мәселен, Түркістан облысы бойынша дін басқармасы әр аптаның жұма күндері мешіт және медреселерде, ал Мәдениет және туризм басқармасымен бірге әрбір мәдени іс-шаралардың барысында «Интернет-алаяқтарынан сақ болыңыздар!» атты тақырыпта ескертпе шараларын өткізу жөнінде келісімге қол қойған. Облыстық прокуратурамен кездесулер ұйымдастырылып, интернет-алаяқтық қылмыстарын тергеу барысында қиыншылық тудыратын және шешуді қажет ететін сұрақтарды шешу мәселелері пысықтауда.

Құқық қорғаушылар тұрғындарға интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін алға тартады. Біріншіден, паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз. Банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ, ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге банк қызметкері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет. Жарнамадағы ақпаратты мұқият және толық оқып шығыңыз. Кез келген ұсыныстарға сын көзбен қараңыз. Тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеңіз. Белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз. Күмәнді шарттар мен мәмілелер жасамаңыз. Банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеңіз. Өз құжаттарыңыздың, мәселен жекекуәлігіңіздің, банк картасының фотосуреттерін ешкімге жолдамаңыз. Осы айтылған құжаттар алаяқтардың қолына түссе, ол микрокредиттік қаржы ұйымдарынан немесе банктерден сіздің атыңызға несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Есіңізде сақтаңыз, егер де сізге банк қызметкері ретінде хабарласып, несие рәсімдеуге нұсқаулар айтып, құпия сөзді сұраса, полиция қызметкері ретінде хабарласып, жеке мәліметтеріңізді сұраса, интернеттегі арзан тауарға, сатушы алдын ала төлем сұраса, интернетте ақша табу, ақшаңызды көбейтіп беремін деп, алдын ала ақша сұраса, ұтыс ойынының жеңімпазы болдыңыз деп, сыйлықты алу үшін алдын ала ақша сұраса, сіздің танысыңыз ретінде бөтен тұлға интернет арқылы қарызға ақша сұраса, интернет арқылы сатып жатқан тауарыңызды сатып аламын деп, сілтемеге карта деректерін енгізуді сұраса онда олар интернет алаяқтары. Оларға жеке деректеріңізді, құпия сөзді, банк есепшотын айтуға, ақша аударуға асықпаңыз. Қандайда бір қоңырау күмән тудырса, «102» арнасына хабарласыңыз.

Previous Post

Студенттерге алаяқтарға алданбаудың жолдары айтылды

Next Post

«Сапалы өнім»: Түркістан облысы тұтынушыларына сапалы өнімді ұсыну негізгі мақсат!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz