gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таксиге мінген жолаушы көлік жүргізушінің атынан несие рәсімдеп үлгерген

5 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таксиге мінген жолаушы көлік жүргізушінің атынан несие рәсімдеп үлгерген
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы жылдары елімізде тіркелген қылмыстардың денін алаяқтық қылмыстар құрауда. Соның ішінде интернет арқылы жасалынатын алаяқтық қылмыстардың көрсеткіші жаға ұстатарлықтай. Жалпы интернет алаяқтық қылмыстардың өршуіне пандемия кезіндегі шектеу шаралары себеп болды. Яғни, тұрғындар өздеріне керекті заттарын, айталық азық-түліктерін, киім-кешектерін онлайн қызмет көрсету түрлеріне жүгініп сатып алып отырды. Банктер де онлайн қызмет көрсетуге көшті. Қоғамымызда электронды ақша аударымдары көбейді. Цифрлық технологияның дамуы осы жағынан алғанда тұрғындарға тиімді болғанымен, екінші жағынан қарағанда алаяқтық әрекеттерге баратындардың санын өсіріп жіберді.

Жалпы қоғамымызда белең алған алаяқтық қылмыстардың санын азайту және оларды болдырмау мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі бірқатар шараларды атқаруда. Алаяқтық қылмыстардың көбеюі туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевт та Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты Жолдауында:

— Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн, — деген болатын.

ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталық құрып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде «CyberPol» қызметін іске қосты. Цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облыстық криминалдық полиция басқармасы жанынан құрылған «CyberPol» пилоттық жобасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға 6 жедел уәкіл мен 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы бекітілген. Аталған топ жылбасынан бүгінге дейін облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 311 (2022 жылы — 321) істі тіркеді, 118 – іс (2022 жылы — 152) – сотқа жолданды, 129 – іс (2022 жылы — 159)тоқтамға алынып ашылмай қалып тұр. Ашылу пайызы 47,7% (2022 жылы 48%).

Қазіргі таңда қоғамымызда интернет алаяқтардың қатары күн өткен сайын арта түсуде. Ақпараттық технологияның көмегімен оңай олжаға кенелуді көздеген алаяқтардың шабуылдарының түрлері де көбейе түсуде. Тіпті, заман ағымына қарай жаңарып, өзгеруде десек те болады. Сондықтан,  өңір полицейлері тұрғындарды ғаламтор алаяқтарынан сақ болуға шақырады.

— Қазіргі уақытта ғаламтор желісінде алаяқтық жасайтын жандардың қатары көбейген. Қылмыс жасаушылар көбінде ғаламтор арқылы бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен мүлкіне ие болуда. Ал бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес.

Осы тұрғыда Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы «CyberPol» соққы-нысаналы тобы мен «БТО-Түркістан» мекемесі қызметкерлерімен бірге жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Яғни коммуналдық қызмет ақысын төлеу қажеттілігі туралы әрбір тұрғынға берілетін ескерту қағазының екінші бетіне алаяқтық қылмысынан сақтану жолдары туралы түсіндірме жазылып, азаматтарға таратылуда.

Сонымен қатар халық көп шоғырланатын жерлерге ғаламтор алаяқтығы қылмысы туралы, оны болдырмау және алдын алу мақсатындағы қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар ілініп, нақты факторын көрсететін брошюлар таратуда, — дейді құқық қорғаушылар.

Жақында өңіріміздегі киберқылмыс тобының полицейлері интернет-алаяқтық қылмысымен айналысқан 31 алаяқты ұстады. Олардың ішінде 56 дерек интернет-алаяқтық қылмыстарына қатыстылығын дәлелдеген. Бұл қылмыстық істер бойынша жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды. Айта кетейік, бұл топтың жедел уәкілдері облыстың бірнеше тұрғынын алдап, олардың атынан онлайн-несие алған жас жігітті ұстады.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол көлігіне жолаушы болып отырған жас жігіт әңгімеге тартып, сеніміне кіріп, ұялы телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасын пайдаланып, атынан 1 миллион 600 мың теңге несие рәсімдеп жібергенін жеткізді.Ақпарат алысымен арнайы құрылған топ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауда жан-жақты жұмыс істеді.

Нәтижесінде күдікті ретінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, жұмыссыз жас жігітті анықтады. Ол 6 бірдей жүргізушіні алдап, оларға жалпы 6 млн. теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені белгілі болды. Несиеге мақұлдау алған алаяқ, танысы ақша салып жібергенін айтып, жүргізушінің ұялы телефоны арқылы арнайы терминалдардан қаражатты шешіп алып отырған.Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты материалдар айыптау актісімен сотқа жолданды.

Орайы келгенде тілге тиек ете кетейік, «Киберқылмысқа қарсы күрес» қызметкерлері орын алған интернет-алаяқтық қылмыстарын саралап, жергілікті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі профилактикалық іс-шараларды үнемі ұйымдастырып келеді. Жақында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді.

Құқық қорғаушылар алаяқтар қолданатын әлеуметтік желілер арасында қазіргі таңда инстаграмм мен Telegram мессенджері алдыңғы қатарға шыққанын айтады. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, ақшалай көмек сұрайтын алаяқтар да көбейіп кетті. Олар бұрындары елімізге есімі белгілі тұлғалардың аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан қаржылай көмек сұраса, бүгінде әлеуметтік желіде кез келген адамның жалған аккаунты жасап, сол арқылы оның ата-анасынан, бауырларынан, достарынан, жақын араласатын таныстарынан қайғылы жағдайға ұшырап отырғанын айтып, белгілі бір банк картасына ақша аударып, көмек беруін өтінеді.

Осындай интернет алаяқтарынан сақтану үшін мынадай кеңестерге құлақ түре жүріңіз. Сіз интернет арқылы келген сілтемеге өткен кезде оның мекенжай жайына, жеңілдік жасап отырған ұйымның немесе компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аударыңыз. Жалпы әлеуметтік желідегі өз профиліңіздегі байланыс деректерін көпшілікке қолжетімді етпеңіз. Егер де мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) міндетті түрде көрсету керек болған жағдайда жұмыс телефоныңыздың нөмірін жазыңыз. Жеке телефон нөміріңізді тек жақын адамдарыңызға ұсыныңыз.

Сосын банк картаңыздың деректерін және оның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сонымен қатар, банктен келіп түсетін SMS-кодты бейтаныс жандарға айтушы болмаңыз. Айта кету керек, қазір барлық жерде интернетке қосылуға мүмкіндік қарастырылған. Тіпті, қоғамдық көлікте де. Дегенмен, «интернетке қол жеткізуге болады» екен деп кез келген Wi-Fi-нүктелеріне сене бермеңіз. Егер де бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындасаңыз онда Сіз әп-сәтте интернет-алаяқтардың құрбанына айналып шыға келесіз. Мұндай жағдайда дереу өзіңізге жақын маңда орналасқан полиция бөліміне немесе 102 телефоны нөміріне хабарласыңыз.

Previous Post

Полицейлер ауыл тұрғынын алдаған алаяқ әйелді анықтады

Next Post

Түркістан облысының 4 ауданында әкім сайлауы өтіп жатыр.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz