gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Полицейлер ауыл тұрғынын алдаған алаяқ әйелді анықтады

5 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мемлекеттен қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа жем болды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда елімізде алаяқтық дерегінің өскені кімді болса да ойландырмай қоймайды. Соның ішінде, әсіресе, интернет арқылы жасалынатын алаяқтық қаулап барады. Өңір полицейлері жақында мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз субсидияны алып беремін деп жерлесін алдап кеткен алаяқ әйелді ұстады. Оқиғаны толығырақ баяндай кетейік.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысы «мемлекеттен 1 300 000 теңге көлемінде қайтарымсыз субсидия алып беремін» деп уағдаласып, алдап кеткенін жеткізді. Яғни сенімге кірген әйел ауыл тұрғынынан 200 мың теңгеден астам ақшасын алып, соңында ұшты-күйлі жоқ болған. Уәде етілген қаражатты ала алмаған жәбірленуші болса, полициядан көмек сұрайды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, қылмысты ашуға кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады. Сезікті жергілікті тұрғын аудандық полиция бөліміне жеткізілді.Қазіргі таңда Жетісай аудандық полиция бөлімінде «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, болған оқиғаның мән-жайы мен күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Осы ретте полицейлер азаматтарды алаяқтардан барынша сақ болуға шақырады. Жеңіл жолмен келетін пайдаға қызықпауды және оны ұсынатын адамдардан аулақ болуды ескертеді.

Сатистикалық деректерге сүйенсек, кейінгі 5 жылда мемлекетімізде  кісі өлтіру саны 823-тен 520-ға, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 2 198-ден 1 840-қа, зорлау – бірден 3 есеге немесе 1 130-дан 386 оқиғаға дейін қысқарды. Пайдакүнемдік, зорлық-зомбылық қылмыстары, соның ішінде қарақшылық 580-ден 177-ге, тонау 8 091-ден 2 404-ке, ал ұрлық 180,1 мыңнан 58,8 мыңға дейін азайды. Қылмыстың азайғаны кімді болса да қуантады ғой. Дегенмен, соның салдарынан келтірілген залал сомасы керісінше арта түсуде. Айталық, 2018 жылы – 237,3 млрд, 2019 жылы – 312,3 млрд, 2020 жылы – 684,6 млрд, 2021 жылы – 302,2 млрд, 2022 жылы – 495,1 млрд теңге. Сала мамандары бұған елімізде интернет а арқылы жасалынып жатқан алаяқтық әрекеттердің көбеюі себеп екенін алға тартады.

Осындай келеңсіздіктердің алдын ала мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталық құрып,  өңірлерде пилоттық жоба ретінде «CyberPol» қызметін іске қосты. Цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облыстық криминалдық полиция басқармасы жанынан құрылған «CyberPol» пилоттық жобасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға 6 жедел уәкіл мен 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы бекітілген. Қазіргі таңда аталған топ өңірден 31 тұрғынды ұстап, олардың 56-сының интернет-алаяқтық қылмысқа қатыстары бар екенін дәлелдеген.

«Cyberpol» арнайы тобының мүшелері алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында бірқатар шараларды атқаруда. Мәселен, жақында Түркістан облысының полицейлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтар, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында республикалық «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Өңір полицейлері «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде бұрын тіркелген 14 қылмыстық іс ашылғанын айтады. Сондай-ақ, шұғыл іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 10 факт интернет-алаяқтық қылмысын жасап, жасырынып жүрген тұрғын анықталды.

Орайы келгенде тұрғындарға өздеріңізді алаяқтардан қорғай біліңіздер демекпіз. Және мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, әйтпесе алаяқтар сіздің жеке деректеріңізді пайдаланып шоттағы ақшаны автоматты түрде шешіп алады. Бейтаныс нөмірге өзіңіз қайта қоңырау шалмаңыз. Сосын өзіңіз білмейтін барлық белгісіз сайттарды интернет арқылы тексеріңіз, шолуларды қараңыз, ақпаратты талдаңыз. Интернеттегі банкинг қызметтерге кіретін құпиясөздерді жиі өзгертіңіз, мамандарға жолығып, гаджетке антивирус орнатуды сұраңыз. Шоттардағы ақша қозғалысын, қанша қаражат түскенін және қашан жұмсалғанын үнемі тексеріп отырыңыз. Егер сіз интернет арқылы зат сатып алсаңыз, операцияларды растау үшін құпия кодты ешкімге айтпаңыз. Ол әдетте SMS арқылы келеді.

Егер сізге күтпеген жерден «банктен» сіздің шотыңызға қаражат аударылғаны туралы SMS келіп түссе, одан кейін сізге белгісіз адам қоңырау шалып, сізге ақшаның қате аударылғанын айтып, оны қайтаруды сұраса, онда оның айтқанын жасауға асықпаңыз. Бұл алаяқтар болуы мүмкін. Яғни, сізге ақша түскен жоқ, ал SMS – жалған. Сондықтан, бұл жағдайда барлық шоттарыңызды дереу тексеріп, онлайн-банктен үзінді-көшірмені қараңыз немесе оны онлайн-банкинг арқылы ата-анаңыз жасасын.

Телефоныңызға «Сатып алуды растаңыз» деген хабарлама және код келіп түссе, сосын бірден сізге белгісіз адам қоңырау шалып, сіздің телефон нөміріңізді қате көрсеткенін, телефоныңызға келіп түскен кодты айтып жіберуді сұраса, ешқашан айтқанын орындамаңыз. Қылмыскерлерге сізден алған код шотыңыздан ақша алу немесе сізді қажет емес ақылы қызметке жазу үшін қажет.

«Желідегі аккаунттарыңызға сенімді құпиясөздерді қалай жасауға болады?» деген сұраққа да жауап бере кетейік. Сенімді құпиясөз жеке деректеріңізді қорғауға, хаттарыңызды, файлдарыңызды және басқа материалдарыңызды құпия сақтауға және аккаунттарыңызды бұзуға тырысатын алаяқтардан аулақ болуға көмектеседі.Құпиясөз кемінде 12 таңбадан тұруға тиіс. Бұл әріптердің, цифрлардың және басқа белгілердің кез келген топтамасы болуы мүмкін. Құпиясөз неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым сенімді болады. Мысалы, бұл: әннен немесе өлеңнен алынған жол; белгілі адамның фильмінен немесе сөзінен алынған цитата; кітаптан алынған цитата; сіз үшін мағыналы фраза; аббревиатура (мысалы, сөйлемдегі әр сөздің бірінші әріптерінен).

Оңай табылатын құпиясөздерді пайдаланбаңыз. Сізді танитын адам болса, құпиясөзді оңай табуы мүмкін. Мысалы, сіздің әлеуметтік желілеріңіздің мәліметтері бойынша.Тым қарапайым құпиясөздерді алмаңыз, мысалы, Danik123, онда өз атыңызды және туған жылыңызды көрсетпеңіз. Жеке мәліметтер мен жалпылама пайдаланылатын сөздерден аулақ болыңыз. Өзіңізге есте сақтау оңай болатын, бірақ бөгде адамдар оны таба алмайтын құпиясөзді орнатқан дұрыс. Құпиясөздерді жиі өзгертіп отырыңыз.

Сенімді құпиясөзді орнатқаннан кейін оның қауіпсіздігіне назар аударыңыз. Жазылған құпиясөздерді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер құпиясөздерді ұмытпау үшін оларды жазып қою қажет болса, оларды, мысалы, үстелдің үстіне қалдырып, компьютер мониторына жабыстырып кетпеңіз, телефон жазбаларының ішінде сақтамаңыз. Қысқасы, интернетте кез келген қаржылық операцияларды жасағанда сақ болыңыз.

 

Previous Post

«Сапалы өнім»: Түркістан облысы тұтынушыларына сапалы өнімді ұсыну негізгі мақсат!

Next Post

Таксиге мінген жолаушы көлік жүргізушінің атынан несие рәсімдеп үлгерген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz