gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанның туризмін насихаттауға Түркия елі белсене атсалысады

13 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанның туризмін насихаттауға Түркия елі белсене атсалысады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының туристік ерекшеліктерін насихаттау, туристерді тарту мақсатында құрылған арнайы делегация Түркия еліндегі іссапарын Ыстамбұл қаласында қорытындылады. Облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бас директоры Серік Сандыбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Әлеуметтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры Жақсылық Акимов, сондай-ақ қонақ үйлер мен мейрамхана өкілдері «Turksab» түрік туристік агентіктерінің қауымдастығына барды. Кездесуде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, жарнамалық үнпарақтар таратылды. Қос тараптың өзара келісімі нәтижесінде, 2024 жылы түркиялық туристік агенттіктерге Түркістан облысында ақпараттық турлар ұйымдастырылады.
Іссапар Ыстамбұл коммерциялық университетінде жалғасты. Жоғары оқу орны басшылығы, доктор Исрафил Құралаймен келіссөздер жүргізіліп, екі ел университеттері арасында тығыз қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Жиын соңында түркістандық делегация қолөнер шеберлерінің туындыларын сыйға тартты. Мұнан соң арнайы делегацияны Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы Нұриддин Аманқұл қабылдады. Ол Түркістан облысында саланы дамытуға назар аударылып жатқаны қуантатынын жеткізді. Атқарылып жатқан шараларға оң бағасын беріп, іскерлік байланыс арқылы Түркістан өңірінің туризмін насихаттауға ықпал ететінін айтты. Айта кетейік, облыстың туризм саласы өкілдерінен құрылған жұмысшы топ Road show форматындағы кездесулерді Кайсері және Конья қаласында ұйымдастырды. Онда танымал университеттер мен туристік операторларға Түркістан өлкесінің тарихи-мәдени орындары, көрікті жерлері мен табиғаты жарнамаланды.
Previous Post

Интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері

Next Post

Түркістан облысында күзгі жиын-терім науқаны табысты өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz