Алаяқтардың айла-тәсілдері күн өткен сайын өзгере түсуде. Жақында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның сайтында алаяқтарға алданып қалмаңыз деген тұрғыда ақпарат жарияланды. Бұл дегеніміз, алаяқтар енді адамдарды «ҚазМұнайГаз» секілді ірі компанияларға инвестиция салып, жоғары табысқа кенелуге шақырып, олардың сан соқтырып кетуде. Оңай жолмен ақша табудың айласын қарастырған мұндай жарнамалар әлеуметтік желілерде көптеп кездесе бастады.
Аталмыш компания сайтында тұтынушыларды құлақтандыру үшін мынадай ақпарат та жарияланды. Онда «Қазақстандықтарды сақ болып, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.Алаяқтардың құрбаны болмас үшін «ҚазМұнайГаздың» бағалы қағаздарын тек лицензиясы бар брокерлік компаниядан сатып алу болатынын естеріңізге саламыз.Брокердің лицензиясының бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің веб-сайтынан анықтауға болады.Компанияның қызметі туралы ақпарат www.kmg.kz сайтында, сонымен бірге компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады:Instagram @kazmunaygaspress, Telegram @kmgpress, Facebook @kazmunaygaspress, Youtube @KazMunaiGas. ҚР азаматтары қаржы қызметтерін тұтынушысы ретінде өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қосымша кеңес алу үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «1459» нөмірі бойынша хабарласа алады» делінген.
Айта кетейік, алаяқтар адамдарды «Теңізшевройл» секілді мұнай өндіруші компанияларға да инвестиция салып, мол табысқа кенелуге шақырып, өз қармақтарына түсіруге тырысуда. Міне, сондықтан да Қаржы мониторингі агенттігі әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға «Қазмұнайгаз», «Теңізшевройл» мұнай компанияларына, «Бәйтерек Инвест» мемлекеттік цифрлық платформасына және «Kaspi bank» сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кірістілікке уәде беретін жалған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді. Есіңізде болсын, адамдардың сеніміне кіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады. Сонымен қатар, есімі елімізге танымал белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайтынын және олардың қаржылық пирамиданың белгілері бар екенін айтады. Сонымен қатар, мұндай ақпараттарға сенбеуге шақырады. «Әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінде және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеріңіз», — дейді.
Статистикалық деректерге сүйенсек, қазақстандықтар интернет арқылы жасалған алаяқтықәрекеттердің кесірінен 13 млрд теңгесіненайырылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев былай дейді.
— «Жыл басынан бері азаматтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген. Бұләрекеттердіңсалдарынанзардапшеккендерге 13 млрд теңгезалалкелген. Әлі де алаяқтардыңеңкөптаралғанәдісі — онлайн сауда. Онлайн саудаменбайланысты 7 мыңалаяқтықжасалды».
Сонымен қатар, банктерде және микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн қарыз рәсімдеудің 1 600 фактісі тіркелген. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, азаматтар ақшаны тез көбейтуге қызыққан. Бір жыл ішінде 1200 қазақстандық осындай схемалардың құрбаны болды. Олар өз ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салып отырған. Кей жағдайларда осы мақсаттар үшін несие алғандар кездескен.
Енді «ірі компанияларғаинвестиция салуға үндейтін алаяқтарды қалай ажырата аламыз және өзін инвестициялық компания ретінде көрсететін ұйымдардың лицензиясын қалай тексеруге болады?» деген сұраққа жауап бере кетейік.
Қаскүнемдер өздерін әлемдік нарықтарда белгілі инвестициялық компаниялар ретінде таныстыра отырып, азаматтардан конфиденциалды ақпарат пен ақшаны алаяқтық жолмен алдап сұрайды. Мұндай алаяқтық схемалар көп жағдайда Forex нарығымен байланысты және онлайн режимде жасалады. Алаяқтарброкерлік-дилерлікқызметтіжүзегеасырамыздегенсылтаумен валюта нарығындаоперацияларжүргізілетінсайттыпайдаланушыазаматтарданақшаныалдапалыпқояды. Қаскүнемдер сайттыпайдаланушыменжалғанқалалықнөмірлер, электрондықпоштаарқылыөзарабайланысып, қалтқысызсендіруүшінхалықаралықбанктікбрендтердіңатынанхаттаржолдап, табыстыжәнеболашағызоркомпанияныңбейнесінжасайды.
Кейбіржағдайлардаоларпайдаланушыныңқырағылығынсейілтужәнеөздерініңқызметінрастауүшіноларақшақаражатын салу ұсыныстарыменжалған бизнес-жоспарларжібереді. Пайдаланушыөзеркіменбелгілібірсоманыжібергенненкейін, жалғанброкерлероларғаақшаныңәртүрлісебептермен «банктеншықпайжатқанын» айтып, оны алуүшінбелгілібірпайызтөлеуқажеттілігінайтады. Психологиялықәсеретутүрлерінептіпайдаланаотырып, алаяқтар сайт пайдаланушысыналдап, қосымшақаражаттүсіругетырысады. Мұндайайла-шарғыпайдаланушының мұндай компания қызметініңзаңдылығына күмәнданабастап, олардыңзаңдылығынтексергенгедейінтабыстыжұмысістейді. Алайда, осы жағдайда да алаяқтарөздерінтүрліқауіпсіздікқызметтерініңқызметкерлеріретіндетаныстырып, әлеуметтік инженерия әдістерінқолдануменқосымшажарналартөлеудісұрайды. Салымдарынқайтарғысыкелетін «құрбанның» қалауыескеріліп, мұндай схема бірнешеретіскеасырылуымүмкін. Аталғансхеманыңтетігімен оны өңдеуинвесторлардыңсенімінежәнеоларғапсихологиялық қаттықысымкөрсетугенегізделеді.
Жалпы интернеттегі осындай қызмет түрлері көбейген сайын интернет-алаяқтық құқық бұзушылық қылмыстар да соншалықты өршіп барады. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында назар аударып: «Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн» деген болатын.
ҚР Ішкі істер министрлігі алаяқтық құқықбұзушылық қылмыспен күресті барынша көңіл бөлуде. Десек те, азаматтардың ақшасын алдап алып иемдену секілді фактілерді азайту мүмкін болмай отыр. Сала мамандарының мәлімдеуінше, интернет алаяқтар жыл басынан бері қазақстандықтардың 11 млрд 300 млн теңгесін жымқырған. Соңғы 5 жылда алаяқтық дерегі 5 есеге дейін өскен. Әккі алаяқтар шетелде отырып-ақ, аңғал жұрттың ақшасын түрлі жолдармен жымқыруға әбден дағдыланып алған.
Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл басынан бүгінге дейін елімізде 14 мыңға жуық интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыс тіркелген. 13 мың адам алданған. Тіркеуге алынған интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстардың дені онлайн несиеге және жоғарыда тілге тиек еткендей инвестициялық жобаларға байланысты болып келеді. «Қазір 500-ден астам азамат ұсталып, жәбірленушілерге әзірге 525 млн теңге өтелді» дейді құқық қорғаушылар.
Айта кетейік, Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері де жедел іздестіру жұмыстары барысында бүгінге дейін оңтүстік өңірдің тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтық қылмыстарды ашты. Мәселен, алаяқ өзін спутниктік теледидар қызметкері ретінде таныстыра отырып, азаматтардың жеке деректерін алып, микрокредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеген. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде.



