gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Банкоматтарда операция жасау кезінде бөгде адамдардан көмек сұрамаңыз…

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Банкоматтарда операция жасау кезінде бөгде адамдардан көмек сұрамаңыз…
Share on FacebookShare on Twitter

Қазір барлығымыз пластикалық карталарды қолданамыз. Тіпті, мұндай карталарда көп көлемде ақшасын сақтайтындар да бар. Құқық қорғаушылар алаяқтардың пайдаланушылардың мұқиятсыздығы салдарынан бірқатарының қалтасы қағылып қалып жатқанын айтады. Mastercard, Accenture және Group-IB секілді ірі компаниясының зерттеулеріне сүйенсек, төлем карталарына қатысты болған оқиғалардың 41 пайызында карта иесінің ақшаны алаяқтарға өз қолымен аударып қойғанын айтады. Жалпы мұндай жағдайлардың басым бөлігінде (84,5%) пайдаланушы өзінің құрылғысына кіруді ұсынған немесе  зиянды бағдарламаларды дербес орнатқан.

Статистикалық деректерге сүйенсек, төлем карталарымен байланысты қылмыстардың ашылуы 8 пайыздан аспайды. Ұлттық Банктің деректеріне назар аударсақ, 2020 жылы Қазақстанда 2 млн астам жаңа төлем карталары шығарылып, пайдаланушыларға берілді. Ал эпидемиологиялық жағдайды ескерумен жарты миллионға жуық  азаматымыз «қолма-қол емес ақшаға» көшуге мәжбүр болып, банк карталарын бірінші рет алған. Бұл, әрине, өз кезегінде алаяқтық әрекеттердің көбеюіне әкеп соғады.

Сондықтан, адамдар өздерінің банк картаңызбен қандай операциялар жасау және жасамау керек екенін біле жүруі керек. Айталық, сіздің картаңыздың деректерін алудың ескі, бірақ әлі қолданыстағы тәсілі – бұл телефон қоңыраулары. Алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп жиі алдайды, сіздің шотыңызға хакерлік шабуыл жасаймын деп қорқытады және сіздің төлем картаңыздың деректемелерін хабарлауды талап етеді. Мұндайда ең бастысы банктер ешқашанда бірінші болып және телефон қоңырауларының көмегімен бастама жасамайтынын білуіңіз керек. Себебі банктік карта және оның деректері туралы ақпарат банктік құпия туралы заңда қорғалатын мәліметтер санатына жатады. Тіпті, егер сіздің картаңызға немесе шотыңызға қатысты жағымсыз жағдай болса, банк оларды бұғаттайды, бұл туралы сізді SMS немесе мобильдік қосымша арқылы хабардар етеді. Және сіз банктің инфрақұрылымының ішінде екеніңізді, яғни оның қорғауында екеніңізді біле отырып, банкпен өзіңіз хабарласқаныңыз жөн.

 

Касперский зертханасының зерттеу деректеріне сүйенсек, елімізде әрбір үшінші қазақстандық алаяқтықтың осындай түріне ұрынып қалады. Әсіресе, қарт азаматтар мен қаржы нарығына енді ғана кірген жастар.

Карточка деректеріналудыңтағы бір тәсілі, ол – электрондықпоштабойыншатарату. Әдетте хат банктендегенжелеумен, төлемкартасындакөрсетілгендеректерді, иесініңатын, қолданысмерзімінжәнеқорғанышкодынхабарлаудыталапетеотырыпжіберіледі. Себепретіндесіздің интернет-банкингіңіздібұзудыңалдыналуүшін, қорғаныштыкүшейту, қайтатіркеу, деректердіқорғаудыңжаңамоделінеөтужәнет.с.с. үшінкартаныңдеректерінұсынуқажеттілігікөрсетіледі. Алаяқтаросындайхаттардытаратаотырып, сізгеқызметкөрсететінбанктіңпоштасыныңатын, домендікаттарынпайдалануымүмкін.Егер сіз электронды поштаңызға төлем картаның мәліметтері бар нысанды толтыру немесе басқа конфиденциалды ақпаратты ұсыну туралы хат алсаңыз, оған жауап бермеңіз.Ең дұрысы – бұл жөнінде өзіңіздің банкіңіздің қауіпсіздік қызметіне хабарласыңыз, олар өздері тергеу амалдарын жүргізеді және алаяқтардың поштасын бұғаттайды.

Парольдерді ұрлау және құпия ақпаратты жинау үшін алаяқтар спам – жіберілімдерді немесе жалған сайттарды пайдаланады. Мұндай сайттарда зиянды бағдарламалар болуы мүмкін, олар орнатқаннан кейін құрылғы және пайдаланушының әрекеттері туралы деректерді жинап, бұл ақпаратты алаяқтарға жібереді. Сондай-ақ, сіз пошта немесе SMS-хабарламалар арқылы келген таныс емес сілтемелерді және таныс емес дереккөздерден электрондық пошта арқылы келген файлдарды ашпауыңыз тиіс.

Ал, төлем карточкасы жоғалған, ұрланған, банктік шотқа ақшаны қате алған немесе аударылған, рұқсатсыз төлем жасалған кезде немесе егер сіз қаржылық алаяқтардың алдауына түскен және оларға өз деректеріңізді ұсынған болсаңыз, онда сіз дереу банкке хабарласып, төлем карточкаңызды бұғаттауыңыз ләзім. Сіздің картаңыздан қаражат ұрланған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Жалпы алаяқтардың құрбаны болмас үшін адамдар мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтай білуі керек. Айталық, Сіз жаңа карта алған бойда оған қол қойыңыз.Карта нөмірін және жеке сәйкестендіру нөмірін басқалардан жасырын сақтаңыз.PIN-кодты есте сақтаңыз және оны жазылған түрде сақтамаңыз.Сіздің карталарыңыздың барлығы өз орнында екендігін мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.Сіздің картаңыздың нөмірі көрсетілген чектердің, билеттердің және басқа да құжаттардың көшірмелерін жойыңыз.Алаяқтар пайдалана алатын ақпаратты басқаларға бермеңіз. Сонымен қатар, ешқашан интернет арқылы өз шотыңызға кіру паролін ешкімге бермеңіз.

Сосын шотыңыз туралы ешкімге ақпарат бермеңіз.Қауіпсіз, адам көп жиналатын жерлерде орнатылған банкоматтарды (банк бөлімшелерінде, әуежайларда, сауда орталықтарында және т.б. орналасқан банкоматтар) қолданыңыз.Егер банкоматтың жанында күдікті адамдар болса, құрылғыны кейінірек қолданып көріңіз немесе басқа банкоматты қолданыңыз.Банкоматтарда операция жасау кезінде бөгде адамдардың көмегін қабылдамаңыз және олардың кеңесіне құлақ аспаңыз.Егер сізге банкомат күдікті болып көрінсе (мысалы, банкомат конструкциясына сәйкес келмейтін немесе банкоматтың кейбір бөліктерінің тұтастығы бұзылған құрылғылармен жабдықталған), осы банкоматта банктік карталарыңызды пайдаланбаңыз.Егер банк картасыбанкоматқасалынбаса, мұндайбанкоматтыпайдалануданаулақболыңыз.PIN-кодты терген кезде әрқашан пернетақтаны қолыңызбен қалқалаңыз.

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 9 айында 360 интернет алаяқтық қылмыс тіркеліп, 139 қылмыстық іс сотқа жолданды. Зерделеу барысында тіркелген қылмыстық істердің ішінде 118 онлайн, 112 интернеттен алдын ала төлем жасап тауар алу түрлері тіркелген.

Сонымен қатар, Түркістан облысы аумағында халық көп жиналатын орындарда әкімшілікте және оқу орындарында қаржылық сауаттылықты арттыру және интернет алаяқтықтан сақтану мақсатында  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баннер лэд экрандар және жабыстырмалы парақшалар таратылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Статистикалық деректерге сүйенсек, ағымдағы жылдың  9 айында Интернет-алаяқтық қылмыстарын алдын алу және болдырмау мақсатында жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде материалдар жариялау үшін ІжСКБ-ға тапсырылып, «Интернет алаяқтықтардан сақтану үшін полиция департаменті ескертеді» тақырыптарында  98 мәлімет 30-дан астам әлеуметтік желілерде жарияланып 8 бейнеролик мессенджерлер арқылы таратылды.

Алаяқтармен күрес жұмыстарын тыңғылықты жүргізу мақсатында облыстық полиция департаменті жанынан «CyberPol» соққы-нысаналы тобы құрылып, оның құрамына 6 жедел уәкіл, 3 тергеуші, 1 криминалист және 1 ІТ-маман кірді. «CyberPol» соққы-нысаналы тобының басты мақсаттарының бірі — халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру. Соның нәтижесінде, алаяқтық қылмыс жасаған азаматтар анықталуда.

Айта кетейік, «Cyberpol» соққы-нысаналы тобының тиіміділігін арттыру мақсатында арнайы жұмыс орны (кабинет), тиісті компьютерлік техника, ақпараттық мамандандырылған бағдарламалармен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, қылмыстарды ашу барысында арнайы жедел-тергеу тобы ІІМ-мен ұсынылған ақпараттық-аналитикалық бағдарламаларды пайдалануда.

 

Previous Post

Алаяқтың құрбаны болмау өз қолыңызда

Next Post

Кибершабуылдан өзіңізді қорғай біліңіз...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz