gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кибершабуылдан өзіңізді қорғай біліңіз…

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кибершабуылдан өзіңізді қорғай біліңіз…
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде қоғамымызда алаяқтықтың «спуфинг» деп аталатын түрі кең таралуда. Оқырманға түсінікті болу үшін алдымен «Спуфинг» сөзінің қандай мағына білдіретініне тоқтала кетейік. «Спуфинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда  spoofing – «алмастыру, алдау, пародия» деген мағынаны білдіреді. Яғни, спуфинг маңызды деректерге немесе ақпаратқа қол жеткізу үшін өзін сенімді тарап ретінде көрсететін кибершабуылдың заманауи түрі болыпт табылады. Олар өз әрекеттерін web-сайттарда, электрондық поштада, телефон қоңырауларында, мәтіндік хабарларда, коммуникациялық желілер арқылы жүзеге асырады. Мұндай қаскүнемдер көбіне басқа атпен, басқа адам, ұйым, желі болып хабарласып, өзін бүркемелеуге тырысады. Олардың басқа адамның телефон нөмірін (caller-id идентификаторын алмастыру) пайдаланып, қоңырау шалады немесе SMS-хабарлар жіберуі де мүмкін. Кейде адамдардың толық сеніміне кіру үшін өзін нақты бір компанияның қызметкері ретінде таныстыруы да ықтимал. Қылмыскер үшін ең бастысы – телефон арқылы сөйлесу барысында адамдардың дербес деректеріне қол жеткізу.

Мысалы, алаяқтар күдікті операция туралы хабарлайды және шоттан ақша аудару үшін жеке деректерді айтуды сұрайды, құпиясөзді өзгертуді және өздеріне банктің SMS-хабарымен келген құпия кодты жіберуді талап етеді. Осы ақпараттың көмегімен алаяқтар шоттан ақша аударады және клиентке ірі сомаға онлайн-қарыз ресімдей алады.Міне, сондықтан да ешқашан және ешкімге мобильді, қаржылық және басқа қызметтерден келген құпиясөздерді және қандай да бір идентификаттау ақпарат бермеу керек.

Сосын егер де сіз өзіңіз жасамаған қоңырауларға немесе хабарларға жауап алсаңыз, бұл сіздің нөміріңіз осындай шабуылдарды ұйымдастыру үшін пайдаланылған белгілерінің бірі болуы мүмкін.Алаяқтар қаріптерді, түстер мен логотиптерді және жалпы танымал дизайн стилистикасын (мысалы, танымал банк, танымал интернет-дүкен) қолданып, сенімді сайтқа ұқсас зиянды сайт жасайды. Осылайша, жалған интернет-дүкен немесе белгілі сайттардың аналогы жасалады, онда тауар немесе қызмет үшін төлем әдістері көрсетіледі. Бір қарағанда, сайттың сенімді екенін анықтау өте қиын. Тауарларды интернет арқылы сатып алғанда алдын-ала төлем толық немесе ішінара түрде қабылданады. Нәтижесінде, барлық аударылған ақша дүкен иесінің шотына түседі. Ол алдын-ала төлемді алғаннан кейін тауарды жібермеуі немесе сапасыз тауарды, жалған тауарды, сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарды жіберуі мүмкін.

Бұдан басқа интернет-ресурстар анонимді ету қызметтерін ұсынатын шетелдік сайттардың көмегі арқылы тіркелуі мүмкін. Бұл кейбір жағдайларда алаяқтар туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.Алаяқтар жалған мекенжайлар көрсетілген электрондық хаттарды бәріне жаппай жібереді. Ондағы мақсат –компьютеріңізге зиянды бағдарламаларды енгізу, ақша алу немесе ақпаратты ұрлау. Жөнелтушілердің электрондық пошта мекенжайлары ретінде сіздер сенім білдіретін мекенжайлар көрсетіледі.Бұл жарамды электрондық пошта аккаунтын басқа электрондық пошта мекенжайымен тіркеу арқылы жасалады. Алайда, өзін соның атынан көрсеткісі келетін байланысушының атауын көрсетеді.

Мысалы, алаяқ сіздің электрондық пошта бағдарламаңыздың мекенжай кітабындағы дәл көрсетілген атауды қолдана отырып, өзін таныс адам ретінде көрсете алады. Қазіргі заманғы электрондық пошта қосымшаларының көпшілігі жай ғана хат жөнелтушінің атын көрсететіндіктен (жөнелтушінің нақты электрондық пошта мекенжайының орнына), алаяқтар бұл мүмкіндікті азаматтарды алдау үшін пайдаланады.

Енді спуфингтен қалай қорғануға болатыны жайында айта кетейік. Құқық қорғаушылар мұндайда алдымен хабар жіберушінің мекенжайына, нашар грамматикасына назар аударуға, пошта арқылы салынған файлдарға мұқият болуға кеңес береді. Интернетте жіберушінің байланыс ақпаратын тауып алыңыз. Хаттың шынайылығын білу үшін жіберушіге тікелей хабарласыңыз. Егер хаттың мазмұны күдікті болып көрінсе, оны интернет арқылы іздеп көріңіз. Әдетте, егер хаттың мазмұны шынайы болу үшін тым қызықтыратындай болса, онда бұл хаттың алаяқтық сипатын білдіруі мүмкін.

Өз браузеріңіздегі мекенжай жолын тексеріңіз. Қолдан жасалған веб-сайттың қорғау функциясы болмауы да мүмкін. Оны тексеру үшін мекенжай жолында хаттама атауының соңында «s» әрпінің бар-жоғына назар аударыңыз: https://. Авторландыруға арналған тіркеу деректерін автоматты түрде толтыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, әдетте қолдан жасалатын веб-сайттарда ашылмайды.

Егер электрондық хат немесе қоңырау күдік тудырса, сізге келіп түскен ақпараттың заңды не заңсыз екенін тексеру үшін хат жіберушіге немесе қоңырау шалушыға жеке өзіне хабарласыңыз. Егер хат немесе қоңырау қандай да бір ұйымның атын жамылып жасалған болса, бұл ақпаратты сайтта немесе олардың байланыс орталығында тексеру үшін интернет арқылы оның сайтын немесе телефон нөмірін тексеріңіз.

Өзіңіз білмейтін сілтемелер арқылы өтуге, бейтаныс жіберушілерден келіп түсетін электрондық пошталарға немесе қоңырауларға жауап беруге, әлдекімге сіздердің мобильді құрылғыларыңызда және стационар компьютерлеріңізде әрекеттер жасауға мүмкіндік беруге, сондай-ақ, жеке ақпаратты жариялап, бірдей құпия сөздерді пайдалануға болмайтынын ұмытпаңыз.

Айта кетейік, жыл басынан бүгінге дейін елімізде 14 мыңға жуық интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыс тіркелген. 13 мың адам алданып, 11 млрд 300 млн теңгесінен айырылған. Тіркеуге алынған интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстардың дені онлайн несиеге байланысты болып келеді. яғни, алаяқтар адамдардың атынан несие рәсімдеген. Жәбірленушілердің банк карточкаларындағы ақшасын қолды еткен. Қазір 500-ден астам азамат ұсталып, жәбірленушілердің 525 млн теңгесі өтелді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері де жедел іздестіру жұмыстары барысында оңтүстік өңірдің тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтық қылмыстарды ашты. «CyberPol» соққы-нысаналы тобы құрылғалы бері өңірімізде 8 қылмыстық топ пен 58 қылмыскер құрықталып, 97 қылмыстық іс сотқа жолдады. Ал, жалпы облыста жыл басынан бүгінге дейін интернет-алаяқтық бойынша 311 қылмыстық іс тіркелген. Құқық қорғаушылар оның 47,7 пайызының ашылғанын айтады.

Previous Post

Банкоматтарда операция жасау кезінде бөгде адамдардан көмек сұрамаңыз...

Next Post

Алаяқтардың құрбаны болмаудың жолы қандай?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz