ҚР Ішкі істер министрлігі елімізде интернет арқылы елдің ақшасын алдап, арбап алып кетуге тырысатындардың әрекетіне тосқауыл қою, яғни күресу үшін Киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталық құрып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде«CyberPol» қызметін іске қосты. Цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облыстық криминалдық полиция басқармасы жанынан құрылған «CyberPol» пилоттық жобасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға 6 жедел уәкіл мен 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы бекітілген. Қазіргі таңда аталған топ өңірден 31 тұрғынды қолға түсіріп, олардың 56-сының интернет-алаяқтық қылмысқа қатыстары бар екенін дәлелдеген.
«Cyberpol» арнайы тобының мүшелері алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында бірқатар шараларды атқаруда. Соның нәтижесінде Түркістан облысында алаяқтық қылмыстардың саны төмендей бастады. Мәселен, былтыр өңірде 1570 құқық бұзушылық тіркелген болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 988 болған. Яғни, төмендеген. Сала мамандары бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға аз екенін айтады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері облыс аймағында алаяқтықтың 7 түрі кең тарағанын айтады. Басым бөлігін интернет алаяқтық құрауда. Мамандар жүргізген талдаудың нәтижесінде бір ғана Whatsapp желісі арқылы 200-ге жуық қылмыс анықталып, күмән тудырған 20 сайт бұғатталыпты. Алаяқтардың құрығына көбіне жұмыс іздеген азаматтар мен қарттар жиі түседі екен.
Орайы келгенде оқырмандарға алаяқтардан қалай қорғану керектігі туралы айта кетейік. Мәселен, сіз бөтен адамдарға нені беру болмайтынын білесіз бе? Ендеше айтайық. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес дербес деректер мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер болып есептеледі. Яғни, бұл адамды анықтауға болатын барлық нәрсе: аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефоны, фото -, бейнематериалдар, физиологиялық ерекшеліктері және т. б.
Қолжетімділік бойынша дербес деректер жалпыға қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді.Қандай дербес деректер жалпыға қолжетімді болып табылады?Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конфиденциалдылықты сақтау талаптары қолданылмайтын мәліметтер. Оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылады. Мысалы, мұндай дербес деректердің көздері — бұл түрлі өмірбаяндық анықтамалықтар, телефон, мекенжай кітаптары, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар, БАҚ.
Егер сіздің жеке ақпаратыңыз интернетте «жүрсе», бірақ бұл мәліметтерді жинау және өңдеу заңнаманы анық бұза отырып жүргізілсе, онда сіздің талабыңыз бойынша (шешім ретінде, сайт әкімшілеріне немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге болады) не сот шешімі бойынша бұл ақпаратты бір жұмыс күні ішінде жалпыға қолжетімді дербес дереккөздерінен алып тастауға болады.
Сіздің келісіміңіз болған жағдайда, жеке деректерді жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратуға рұқсат етіледі! Сондықтан, ешқашан қарамай түрлі: шарт, келісім, соның ішінде цифрлық форматтағы құжаттарға қол қоймаңыз. Шарттарымен, соның ішінде сіздің жеке деректеріңізді жинауға және өңдеуге қатысты шарттармен мұқият танысыңыз.
Қол жетімділігі шектеулі дербес деректер дегеніміз не?Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген дербес деректер. Мысалы, бұл адамның анықтау деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жылы, туған күні, ұлты), тұрғылықты жері (тіркелген жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке басын куәландыратын құжаттар, дактилоскопиялық ақпарат, яғни адамның саусақтары мен алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер, және басқалар. Бұл деректерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген. Қаржылық алаяқтар арасында үлкен қызығушылық тудыратын осы деректер.
Дербес деректер алаяқтар дың қолына қалай түседі? Енді соған тоқталайық. Әдетте, қаржы ұйымдары сенімді қорғаныс жүйесін қолданады, олар үнемі жаңартылып отырады. Алайда, қаскүнемдерге шағын ұйымдардың, мысалы, интернет-дүкендердің, түрлі сервистік компаниялардың дерекқорларын бұзу қиындық туғызбайды. Алайда, көп жағдайда, адамдар өздері туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беріп қойғанын өздері де білмей қалады. Мысалы, олар Желіде жеке ақпараттарын жария етулері мүмкін. Олар өз суреттерін әлеуметтік желілерге салады, орналасқан жерін көрсетеді, құпия ақпаратты оқып, оларды алаяқтарға беретін, лицензиясы жоқ қосымшаларды жүктейді.



