gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ел азаматтарының барлығынан саусақ таңбасы алынады

немесе дактилоскопиялық және геномдық тіркеу деген не?

27 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ел азаматтарының барлығынан саусақ таңбасы алынады
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде қолданыстағы «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға орай қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжат аларда саусақ іздерін тапсыратын болады. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл бастаманы заңсыз құжаттандыруды болдырмау және алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында қолға алмақ.

Айта кетейік, аталмыш заң жобасы 2016 жылы қабылданған болатын. Алайда, ол өз мерзімінде, яғни 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жоқ. ҚР Ішкі істер министрлігі саусақ іздерін тіркеуге қатысты заңның жекелеген нормаларын пысықтау үшін Парламентке оны 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу туралы ұсыныс жолдады.

Аталмыш заңға сәйкес енді бұдан былай ел азаматтары жеке куәлік немесе төлқұжат аларда дактилоскопиялық тіркеуден өтетін болады. Мұндай міндет Қазақстанда тұратын шетелдіктерге де жүктеліп отыр. Олар да осы елде тұру үшін ықтиярхат алу немесе ауыстыру кезінде саусақ іздерін тапсырады. Яғни, енді сіз  жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыздың қолданыс мерзімі біткен болса, яки есіміңіз бен тегініңзді, әкеңіздің атын өзгерткіңіз келсе немесе жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды жоғалтып алсаңыз онда міндетті түрде саусақ таңбасын тапсыратын боласыз.

Мұндай саусақ ізін алудан елімізде тек 12 жасқа дейінгі балалар ғана босатылатын болады. Құқық қорғаушылар 12 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдердің саусақ іздерін тапсыруға қатысты тіркеуден өту немесе өтпеуі өз еріктерінде екенін айтады.

Бұл не үшін қажет? Соны айтайық. Жалпы саусақ іздерін тапсырудың артықшылығы көп. Мәселен, саусақ таңдасы тергеп-тексеруде, қылмыс жасаған адамды барынша жылдам анықтауда зор рөл атқарады. Әсіресе, танылмаған мәйіттің кім екенін нақтылауда да тигізер пайдасы көп. Мұның барлығын «дактилоскопиялық тіркеу» дейміз.

Ал, енді «геномдық тіркеу» дегеніміз не?  Соған келейік. Ел азаматтарынан саусақ таңдасын алу туралы заңда «геномдық тіркеу»деген тіркес айтылады. Мұны не екенін әрине, көпшілігіміз түріне бермейміз. Мамандардың мәлімдеуінше, бұл ДНК сынағы. Мәселен, өрт кезінде адамның терісінің отқа үйітіліп, жанып кетеді ғой. Сондай сәттерде осы геномдық тіркеу мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, осы геномдық тіркеуде адамдарға қатысты барлық деректер жинақталады екен.

Қазір ел азаматтарының әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта оларға қатысты жеке сәйкестендіру нөмірі берілген. Мұны қысқартып айтқанда ЖСН дейміз. Ондағы 12 санды теріп жіберсеңіз, алдыңыздан сол нөмір иесіне қатысты барлық ақпарат шыға келеді. Сондықтан, құқық қорғаушылар ел азаматтарын әр кез алаяқтардан сақтандыру үшін осы 12 санды ешкімге айтуға және ешжерде жариялауға болмайтынын айтады.Сол секілді сақтау таңбасын алуға қатысты заңның да қолданысқа енгізілуіде  тұрғындарға қатысты құпия мәліметтерді алаяқтардан қорғауға арналған. Жалпы ел азаматтарына қатысты дербес деректердің қорғалуы да аса маңызды рөл атқарады. Бұл енді өз алдына бір тақырып.

Қазір көпшілік өз смартфонына сақтау іздері арқылы кіреді. Өйткені, саусақ іздері қайталанбайды. Сол жағынан алғанда бұл қауіпсіздікті сақтаудың бірден-бір жолы. Айта кетейік, саусақ іздерін ресімдеуден бас тартқан азаматтар ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 443-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, саусағын тіркетуден жалтарған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар елден шығарылады.

Жоғарыда қазір көпшіліктің смартфонына саусақ іздерін енгізіп қойған. Олардың смартфондары тек сонымен ғана ашылады. Дегенмен, смартфондарға алаяқтар тарапынан күн сайын шабуылдар жасалып тұрады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, алаяқтар пайдаланушылардың есептік деректерін және телефондардан басқа да жеке ақпаратты ұрлауға маманданған зиянды трояндарды белсенді түрде таратуда. Сондықтан, өзіңізді және телефоныңызда сақталған құпия ақпаратты қалай қорғауға болатынын айта кетейік. Алдымен алаяқтарды қандай деректер қызықтырады? Осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік. Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет: жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сондай-ақ олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуі қажет. Сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие болады.

Әлеуметтік инженерия мен фишингті қолдана отырып, алаяқтар сіздің гаджеттеріңізге, атап айтқанда ұялы телефонға қашықтан қол жеткізу және осылайша құпия ақпаратты ұрлау мақсатында конфиденциалды деректерді білуге тырысады.Мұндай шабуылдардан қорғану үшін тексерілген вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану қажет. Оларды өзіңіз қолданатын барлық құрылғыларға орнатып алыңыз, және оларды жиі-жиі жаңартып отыруды ұмытпаңыз, себебі алаяқтар үнемі қосымшалардағы кемшіліктер мен осалдықтарды іздеп отырады.

Сіздің поштаңызға келетін сілтемелерге назар аударыңыз, егер де домен күдік туғызатын болса, сілтемені ашпаңыз, бұл жерде бұзып кіру қауіпі бар. Спамдарды бұғаттаңыз және оны корзинаға жөнелтіңіз.  Операциялық жүйені жаңартып отырыңыз және барлық қосымшаларға, пошта жәшіктеріне, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға сенімді және әртүрлі құпия сөздерді орнатыңыз. Қосымшалардың және басқа да маңызды сервистердің  парольдерін/кіру кодтарын телефонда сақтамаңыз. Құрылғының жадында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілтін сақтамаңыз. Құрылғылардың жадында банк карталарының фотосуреттерін, сондай-ақ парольдің жазылуы мен дербес/құпия деректердің ұрлануына әкелуі мүмкін басқа да ақпаратты бейнелейтін фотосуреттерді сақтамаңыз және мессенджерлерде жібермеңіз.

Байланыссыз төлем жасау үшін гаджеттерін пайдаланатын телефон иелеріне екі есе мұқият болу қажет. Телефонды жоғалтып алуға болады немесе оны ұрлап кетуі мүмкін. Осындай ықтималдылықты ескере отырып, бұл туралы алдын ала ойланып, смартфон қаскөйлердің қолына түскен жағдайда өзіңізді қауіптен сақтау қажет.

Ал, енді ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет? Осыған тоқталайық. Ең алдымен бұғаттауды пайдаланыңыз.Телефонның теңшеулерінде экранның автоматты бұғатталуын қосыңыз, саусақ ізінің немесе Face ID көмегі арқылы биометрикалық құпиясөзді қолданыңыз. Сосын қадағалау теңшеуін орнатыңыз.Құрылғының орналасқан орнын қашықтан қадағалауға мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдаланыңыз. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сіз өзіңіздің гаджетіңіздің қай жерде екенін қадағалап, оған қосылып, өзіңіздің барлық деректеріңізді өшіре аласыз.Мысалы, Android базасындағы құрылғыларда Google Find My Device  телефонды іздеу функциясы бар, Samsung девайстарында – Samsung Find My Mobile ұқсас опциясы, iOS алаңында – Find My iPhone опциясы бар. Оларды гаджеттің теңшеуінде міндетті түрде алдын ала іске қосыңыз.

Әр кез резервтік көшірмелер жасап отырыңыз. Әсіресе, деректеріңіздің резервтік көшірмелерін міндетті түрде жасаңыз. Бұл опция теңшеу конфигурациясын, барлық қосымшаларды және жеке ақпаратты сақтау үшін ойлап табылған. Берілген функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және оларды жаңа құрылғыға көшіруге көмектеседі.

Реті келгенде тілге тиек ете кетейік, алаяқтық әрекет жасағандар қылмыскер болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) 190-бабының 1-бөлігінде «алаяқтық» деген сөзге мынадай түсінік берілген. «Бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық -алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады».

Аталған бап 4 бөліктен тұрады. Егер де алаяқтық жасаған  адам жай алақтық жасаған болса, яғни  ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаса 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, егер де адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдаса немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасаса онда оған аталған баптың 2-бөлігіне сай 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Алаяқтықтың ауыр түрлері осы баптың 3-4-бөліктерінде көрсетілген.

Ескере кеткен жөн алаяқтың ірі мөлшерде, яғни 1 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аса жасалса, алаяқтықты мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса немесе  алаяқтық бірнеше рет жасалған жағдайда  аталған баптың 3-бөлігінде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Қылмыстық топ жасаған немесе  аса iрi мөлшерде, яғни айлық есептік көрсеткіштің 4000 есе мөлшернінен  асатын алаяқтық  жасалса, ол үшін сол баптың 4-бөлігінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сосын алаяқтық жасаған адамға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу қолданылады.

Жыл басынан бүгінге дейін Түркістан облысы аумағында 425 қылмыстық іс тіркеліпті. Құқық қорғаушылар олардың денін алаяқтық тіркелген қылмыстар құрайтынын айтады. Ал, алаяқтық қылмыстардың ішінде интернет алаяқтығы бойынша тіркелгені көп. Осы деректің өзі-ақ ғаламтор арқылы алдап-арбау белең алғанын аңғартады.

Previous Post

Прокурорлар жерлерді заңсыз беру фактілерін анықтады

Next Post

Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz