gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыстық тұрғын несиесін жабу үшін алаяқтық жасаған

27 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таксиге мінген жолаушы көлік жүргізушінің атынан несие рәсімдеп үлгерген
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс полициясына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни өзінің танысы «теміржолшы етіп жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, 1.700.000 теңгесін алған.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам алған ақшаның бір бөлігін несие жабуға, қалғанын өзіне қажет заттар алуға пайдаланған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Егер Сіз интернет-алаяқтардың қақпанына түссеңіз, не істеу керек:

Егер Сіз өзіңіздің жеке компьютеріңізде/смартфоныңызда сілтеме ашқан болсаңыз немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату туралы нұсқауларды орындасаңыз, антивирустың көмегімен (егер орнатылған болса) толық қарап шығыңыз;

Егер Сіз өзіңіздің есептік жазбаңыздың құпия сөзін көрсеткен болсаңыз, сол құпия сөзді қолданатын барлық есептік жазбалардағы құпия сөздерді өзгерту керек;

Егер Сіз есептік жазбаға (поштаға) кіруді қалпына келтіре алмасаңыз, жаңасын жасаңыз және барлық байланыстағыларға өзгерістер туралы хабарлаңыз. Жаңа есептік жазбаға (поштаға) қажетті қызметтердің (әлеуметтік желілер, банк қызметтері, интернет-дүкендер) қайта теңшелгеніне көз жеткізіңіз;

Егер сіз есептік жазбаңыз бұзылған деп санасаңыз, кіруді қалпына келтіру үшін қызметті жеткізушінің техникалық қолдауының ресми мекенжайларына хабарласыңыз. Кіруді қалпына келтіргеннен кейін құпия сөздерді, құпия сұрақтарды өзгертіңіз және хабарламалар көшірмелерінің алаяқтардың мекенжайларына кету-кетпеу теңшеуін тексеріңіз. Екі факторлы аутентификаттауды теңшеңіз (ол GMAIL және MAIL.RU үшін тегін қолжетімді).

Егер сізді алдап, банктік деректемелеріңізді беруге мәжбүр етсе, бұл жөнінде өз банкіңізге және құқық қорғау органдарына өзіңіз барып немесе прокуратураның https://qamqor.gov.kz/EussWar сайтында электрондық түрде хабарлаңыз, осылайша сіз қылмыстық әрекеттермен күресуге көмектесесіз.

Назар аударыңыз! Өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде ЭЦҚ бере отырып, картадағы немесе шоттағы барлық қаражатыңыздың қолма-қол ақшаға айналу, сондай-ақ сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер ресімделу, мәселен, пәтер қайта ресімделуі немесе сіздің тұрғын үйіңізге бөтен адамдардың тіркелу қаупі бар.

Алаяқтар пайдаланушылармен хат алмасатын және олардың сеніміне кіретін алаяқ боттар құра отырып, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде де белсенділік көрсетеді.

Күдікті интернет-ресурстарда тіркеуден өтпеңіз және осылайша өзіңіздің жеке деректеріңізді бөтен адамдарға бермеңіз;

Әлеуметтік желілердегі және басқа да онлайн-аккаунттардағы қосымшаларыңыз үшін конфиденциалдылық теңшеуін қолданыңыз;

Ақпаратты жарияламас бұрын аудиторияны теңшеп алыңыз;

Әлеуметтік желілердің теңшеуінде өзіңіздің телефон нөміріңіз бен электрондық поштаңыздың көрінуін ажыратыңыз, осылайша өзіңіздің деректеріңіздің конфиденциалдығын сақтай аласыз.

Интернет – алаяқтар бір ғана мақсат – пайдаланушының дербес деректерін (ЖСН, төлем картасының немесе шотының деректері, SMS-хабарламамен келетін код және керек десеңіз ЭЦҚ) алуды және оның ақшасын алу жолын көздейтінін біліңіз.

Previous Post

Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады?

Next Post

Түркістандық тәртіп сақшылары 30-дан астам алаяқтық қылмыс жасаған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz