gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады

28 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Мейрамбек Көкенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ҚР заңына сәйкес салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.
— 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау кезеңі басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін екі кезең аяқталып, Түркістан облысынан 300 мыңға жуық салық төлеуші жалпыға бірдей декларациялаудан өткен. 2024 жылдан бастап үшінші кезең басталғалы тұр. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларациялаудан өтуге міндеттелген. Ал қорытынды төртінші кезеңде, 2025 жылы азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық 18 жасқа толған ересек халқы декларация тапсырады. Декларацияны тапсыру мерзімдері — қағаз түрінде тапсырылған жағдайда әр жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей, электрондық түрде тапсырылған жағдайда – әр жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша тапсырылады. Егерде осы мерзім аралығында тапсырмаған жағдайда 15 айлық әкімшілік айыппұл қарастырылған,- деді департамент басшысы.
Спикердің айтуынша, декларацияны тапсыруда салық төлеушілерге барлық жағдай жасалған. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде салық төлеушілер кабинеті «cabinet.salyk.kz», «Электронды үкімет» порталы «egov.kz» және мобильдік қосымшалар «eSalykmobil» және «eGovmobile» арқылы тапсыруға болады.
Previous Post

Түркістандық тәртіп сақшылары 30-дан астам алаяқтық қылмыс жасаған күдіктіні ұстады

Next Post

«Түркістан таланттары» жобасы өңірдің аудан-қалаларында жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz