Жыл басынан бері Түркістан облысында заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Амангелді Бурханов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
Өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 531 дерек анықталған. Оның ішінде 282-і қылмыс болса, 249-ы — теріс қылықтар.
Сонымен қатар, заңсыз айналымнан 1 тонна 322 келі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде 99,0607 гр синтетика есірткі заты, 0,3 гр, героин, 7 кг 370,7409 гр гашиш және 135 кг 270,76 гр марихуана бар.
«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыағаш ауданында 41 жастағы Шымкент қаласының тұрығынан аса ірі көлемде 20,75 гр «мефедрон» синтетикалық есірткісі тәркіленіп, қамауға алынды. Түркістан қаласында 39 жастағы ер адам ұсталып, одан 1,522 грамм «мефедрон» синтетикалық есірткісі алынды. «Трамадол» дәрілік-препараты «психотроптық заттардың» қатарына енгізілгеннен кейін, 34 қылмыс тіркелді. Жалпы 1149 пластина 1368 таблеткалары және 20 капсула айғақты зат ретінде алынды. Сондай-ақ, синтетикалық есірткі таратқан 70 ақпараттық сайт бұғатталды», — деді Амангелді Бурханов.