Оқиға Қазығұрт ауданындағы Жылыбұлақ елді мекенінде болды. Үйінің ауласында ойнап жүрген Нұрмұхаммед байқаусызда әжетхана ойығына түсіп кеткен. Болған жағдайды анасы дер кезінде байқаған. Содан 10 жасар ұлы Нұралидің беліне арқан жіп байлап, төменге түсіреді. Анасының демеуімен Нұрали кішкентай бауырын қауіпсіз жерге алып шықты. Бүгінде екеуінің де жағдайлары қалыпты.
Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4-сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлына Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы арнайы Алғыс хат табыс етіп, бағалы сыйлықпен марапаттады.