Биылғы жылдың 10 сәуірінде ауыл халқының қаржылық сауаттылығын артыру мақсатында «AMANAT» партиясымен «Халық» банк арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға сәйкес Кентау қаласында және қалаға қарасты ауылдарда қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы тегін оқу курстары ұйымдастырылды. Қазан айының 16 басталған курстар жылдың соңына дейін жалғасты.
Оқу бағдарламасына сәйкес, несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыратын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер білімдерін жетілдірді.
Қазіргі таңда Кентау қаласы және Хантағы, Ащысай, Байылдыр, Қарнақ ауылдарында ниет еткен қатысушы тұрғындар қаржылық сауаттылығын арттырып жатыр. Жалпы қала бойынша білім алған 628 адамға сертификаттар берілді. Сабақтың соңында, тұрғындар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толықтай жауаптар алды.